21.08.2015Венерологиялық бөлімшесінде жүргізілген күрделі жұмыс
2015 жылы «Облыстық терi-венерологиялық диспансер» ШЖҚ КМК-не материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 21 255,0 мың теңге бөлiнген. Конкурс тәсiлiмен электронды мемлекеттiк сатып алу қорытындыларына сәйкес венерологиялық бөлiмшесi ғимаратына күрделi жұмыс жүргiзуге 19 883,3 мың теңгеге «ПИЛОН» құрылыс компаниясы» ЖШС-мен шарт жасалған. Жобалық-сметалық құжаттамаларда: терезе мен есiк блоктарын ауыстыру, едендi жөндеу, ғимараттың iшiн өңдеу, электрлi-техникалық құралдарды ауыстыру, канализациялық құбырларды және санитарлық-техникалық құралдарды ауыстыру қарастырылған.