Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

06.04.2016Дүниежүзілік иммундау апталығы

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша (ДДСҰ) сәуiр айының екiншi жартысында Дүниежүзiлiк иммундау апталығы өткiзiледi. Қазақстан Республикасында 2016 ж. 24-нен бастап 30-шi сәуiрiне дейiн Дүниежүзiлiк иммундау апталығына орайластырылған он күндiк өткiзiледi.

Бүкiл әлемде вакциналау инфекциямен күресуде ең тиiмдi, үнемдi және қол жетiмдi құрал ретiнде саналады. Иммундау адамзатты жұқпалы аурулардан қорғауға мүмкiндiк беретiн басты профилактикалық шаралардың бiрi болып табылады, ол вакцина басқаратын инфекциядан өлiмдi және ауру-сырқауды азайтуға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасының прфилактикалық екпелерiнiң ұлттық күнтiзбесi 21 жұқпалы ауруға қарсы профилактиканы қарастырады, ДДСҰ ұсынымдарына сәйкестендiрiлген. Халықты иммундау АМСК ұйымдарында тегiн өткiзiледi, ДДСҰ сертификатталған, яғни кепiлдендiрiлген сапалы вакциналар қолданылады.

ДДСҰ отбасыларға мiндеттi түрде балаларды ауруларға қарсы вакциналауға кеңес бередi.

A+ A A-