16.10.2024Аккредиттеу
Көп бейінді облыстық аурухананың әкімшілігі аккредиттеуден сәтті өткені және Ұлттық аккредиттеудің I санатын бергені туралы қуана хабарлап отыр. Бұл оқиға - біздің бірлескен қажырлы еңбегіміздің, кәсібилігіміздің және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетудегі жоғары стандарттарға ұмтылуымыздың нәтижесі.
Аккредиттеу аурухана қызметкерлерінің құзыреттілігінің жоғары деңгейін ғана емес, сонымен бірге ортақ мақсаттарға, командалық рухқа, жауапкершілікке берілгендігін растады.
Осы жетістікке қосқан үлесіңіз үшін әрқайсыңызға алғыс білдіремін! Алда жаңа биіктер тұр, біз оларды бірге міндетті түрде бағындырамыз!