22.10.2024Ақпараттық хабарлама
Көп бейінді облыстық аурухананың Онкологиялық орталығында "Қазақстан халқына" Қоғамдық қорының қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде жеткізілетін "Halcyon" сәулелік терапия жүйесін және "SOMATOM go SIM"компьютерлік томографын орнату процесі аяқталды. Аурухананың бас директоры Сәкен Өмірсерікұлы Әмрин онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қажетті қымбат жабдықты беру бойынша соңғы құжаттарға қол қойды. Енді көздің, есту мүшесінің, параназальды синустың, көмейдің, ауыз қуысының, мұрынның, тыныс алу мүшелерінің, медиастинаның және жүректің, терінің, тері астындағы тіндердің, сүт безінің, зәр шығару жүйесінің және басқа да көптеген мүшелер мен жүйелердің қатерлі ісіктері бар науқастар жоғары дәлдіктегі және тиімді сәулелік терапияны ала алады.