04.06.2025Ақпарат
2025 жылдың 21-23 мамыры аралығында Финляндияның Хельсинки қаласында 11-ші Еуропалық инсульт конференциясы (ESOC 2025) өтті, Messukeskus Helsinki Expo and Convention Center көрме орталығында 96 елден 4500-ден астам маман жиналды. Конференция инсульттің алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалту саласындағы соңғы жетістіктерді талқылауға арналған бірегей платформаны ұсынды.
Невропатолог дәрігер Әсел Саматқызы Балтабаева осы ауқымды іс-шараға қатысты.
Конференция бағдарламасына ірі клиникалық зерттеулердің презентациялары, семинарлар, шеберханалар және инсульттің өзекті мәселелері бойынша пікірталастар кірді. Жедел ишемиялық инсульт, ми ішілік қан кетулер, қалпына келтіру және оңалту, қауіп факторлары мен алдын алу, сондай-ақ цифрлық трансформация және жасанды интеллектті нейроғылымдарда қолдану тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Конференцияның маңызды сәттерінің бірі президенттік сессия болды, оның аясында ESO Angels Awards марапаттары берілді. 100-ден астам аурухана инсультпен ауыратын науқастарға көмек көрсету сапасын жақсартудағы үздік жетістіктері үшін Diamond Awards марапатына ие болды. Салтанатты шара үлкен құрметпен және кәсіпқойлықпен өтті. Бұл залда болу — әлемнің ондаған елдерінен келген мыңдаған пікірлестердің арасында - нағыз абыройлы сәт болды. Қазақстаннан 3 инсульт орталығының өкілдері болды: Петропавл қ. Көп бейінді облыстық аурухана базасындағы инсульт орталығы, Ақтөбе және Өскемен инсульт орталықтары. Бұл біздің аймақтың инсульт көмегін жақсарту жөніндегі жаһандық бастамалар картасында барған сайын танымал болып келе жатқанын білдіреді.
ESOC 2025-ке қатысу инсульт саласындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға, соңғы зерттеулер мен инновациялармен танысуға бірегей мүмкіндік берді, сондай-ақ инсультпен ауыратын науқастарға көмек көрсету тәжірибесін одан әрі жетілдіруге шабыттандырды. Конференция халықаралық ынтымақтастықтың және медициналық көмектің сапасын жақсартуға үнемі ұмтылудың маңыздылығын атап өтті.