18.10.2024Оқу семинары
2024 жылғы 18 қазанда Көп бейінді облыстық аурухана базасында "Астана медицина университеті" КЕАҚ неврология кафедрасының доценті, "Денсаулық" неврологтар мен нейрореабилитологтар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лаура Еркенқызы Есжанова "Неврологиялық пациенттегі дәлелді медицина тұрғысынан мидың созылмалы ишемиясының терапиясы" тақырыбында білім беру семинарын өткізді.
Семинарға облыс емханалары мен стационарларының невропатологтары, соның ішінде біздің инсульт орталығының дәрігерлері қатысты. Семинардың қорытындысы барлық қатысушы тыңдаушыларға АМУ-дан сертификаттар беру болды.
Лаура Еркенқызына семинарды тамаша ұйымдастырғаны, алған білім, жағымды жұмыс ортасы және әріптестерімен неврологияның өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз.