02.03.2025Батыр ана құттықтау қабылдады!
Мереке күні дүниеге келген сәби! Яғни, өмірге Әминә есімді сүйкімді қыз келді. Періште Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойында және Алғыс айту күнінде туды. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері перинаталдық орталыққа барып, азаматшаны құттықтады. Аида Омарованы батыр ана десек артық етпес. Ол 7-ші баланың анасы атанып отыр. Бұған дейін 2 ұл мен 4 қызға жарық дүние сыйлаған. Құттықтаушыларды бастап келген Қымбат Исманова нәзікжандыға зор денсаулық тіледі, ақ батасын берді.