Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

02.07.2024СҚО-ға жұмыс сапарымен Сенат депутаттары Әсем Рахметова, Ләззат Қалтаева және Ольга Перепечина келді. Олар Петропавлдағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығының жұмысымен танысты

Аталған мекеме өз жұмысын ақпан айында ғана бастаған. Аз уақыттың ішінде 100-ден астам баланы қабылдап үлгерген. Бүгіндері мұнда кадр тапшылығы мәселесі бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әсел Айдарханова 3 ай бұрын ана атанған. Ұлы Жалғасты ерте араласу орталығына әкеліп жүргеніне екі апта болыпты. Баланың бұлшық еті дұрыс жетілуі үшін тұрақты түрде массаж жасалады. Жас ананың айтуынша нәтиже аз уақыттың ішінде-ақ байқалған.

«Орталық өте ұнайды. Массаждан кейін баламнан жақсы өзгерістер байқап жүрмін. Бұған дейін аунай алмайтын. Қазір 3-ші сеанстан кейін-ақ талпынабастады», – дейді Әсел Айдарханова.

Сенат депутаттары орталықтың жұмысымен танысып шықты. Бүгінде «Қамқорлық» ерте араласу орталығында сегіз маман жұмыс істейді. Дегенмен,әлі психолог, массаж маманы, реабилитолог, дефектолог, логопед жетіспейді. Кадр тапшылығы мәселесі болғанымен, қызмет уақытылы, кезексіз көрсетілетін көрінеді. Мекеме қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылған.

«Өңірлерге шыққандағы негізгі мақсатымыз ондағымәселелермен танысу, жағдайды өз көзімізбен көру. Одан кейін барып республикалық деңгейде қайсысы қаржы бөлуді күттірмейді сол мәселелерге сараптама жасалады. Өңірдегі инклюзия мәселесіне басты назар аудармақпыз. Су тасқынынан зардап шеккендермен де кездесетін боламыз», – деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Әсем Рахметова.

СҚО-да «Қамқорлық» ерте араласу орталығына келушілер қатыры күн санап артып келеді. Мамандардың көмегіне петропавлдықтар ғана емес, сондай-ақ шалғай ауылдар тұрғындары да жүгінеді екен.

A+ A A-