Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

02.02.2024Петропавл қаласындағы Облыстық перинаталдық орталықта іске қосылған ерте араласу орталығы жыл сайын 3 жасқа дейінгі 600 ерекше баланы қабылдауға қауқарлы

«Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылдан бері ерекше балаларды оңалтудан өткізетін орталықтарға қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Үш жыл ішінде Қазақстанда инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған 15 оңалту, 16 ерте араласу және аутизмі бар балаларға арналған 5 орталықтың тұсауын кестік. Бүгінде орталықтарда ел бойынша 40 мыңға жуық бала оңалтудан өтіп үлгерді. Олардың 3070-і алғашқы қадамын жасаса, 4162 бүлдіршін бірінші сөздерін айта бастады», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының орынбасары Досбол Көшербаев.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде өңірде мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі 2300-ден астам бала ер жетіп келеді. Оларға оңалту қызметі 3 стационар мен амбулаториялық деңгейде 2 жерде көрсетілуде. Осылайша енді оңалту ерте араласу орталығында да қолжетімді болады.
«Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының ынтымақтастығында ашылған жаңа орталықта ерекше балалармен невропатологтар, оңалту дәрігерлері, жаттығу терапиясының нұсқаушылары, психологтар, логопедтер және кәсіби терапевттер тобы жұмыс істейді. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстанның жоғары деңгейдегі заманауи медициналық және диагностикалық жабдықтары қойылған, олар – мотометрлер, вертикализаторлар, Rifton тренажерлері, «Головастик», «Кузнечик» төсемдері, «Атлант» костюмдері, иммерсиялық ванна, сенсорлық, шунгитті және тұзды бөлмелер, аудиометриялық модуль және ЭЭГ аппараты.
Орталық мекенжайы: Петропавловск қаласы, Казахстанская правда көшесі, 233.

A+ A A-