Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

11.06.2018Спартакиада-2018

2018 жылғы 9 маусымда «Қарасай» стадионында медициналық қызметкерлердің спорттық жарысы өтті.

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды жетілдіру Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылғы 06 маусымнан 09 маусымға дейін «Дені сау дәрігер — дені сау пациент» ұранымен Медициналық қызметкерлер күніне орайластырылған медициналық қызметкерлердің республикалық спартакиадасы өткізілді.

«Облтерівендиспансер» ШЖҚ КМК командасы «Арқан тартуда», «Ерлер арасындағы жеңіл атлетикалық эстафетада», «Әйелдер арасындағы жеңіл атлетикалық эстафетада», «Армрестлингте» белсенді қатыса білді.

Медициналық қызметкерлер өз тәлімдерінде салауатты өмір салтын насихаттайды. Бұл күні олар әдеттегі ақ халаттарының орнына спорттық костюмдер киіп, аурухана қабырғаларын спорттық алаңға ауыстырды.

Медициналық қызметкерлер спартакиадасы әр жыл сайын медик-спортшылардың қатарын көбейтіп, бұрынсоңды спортпен айналысуға аса мән бермегендерді еліктіріп, көпшілікке әйгілене бастады. Спартакиадада қатыспайтын медициналық мекемелер мүлдем жоқ шығар. Командамен де, жеке озықтықта да жеңіп шығу беделді болып келеді.

Спартакиада-2018

Спартакиада-2018

A+ A A-