11.06.2018Спартакиада-2018: «Дені сау дәрігер — дені сау пациент»
Денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағадарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары арасында 2018 жылдың 6-9 маусым аралығында спорттық жарыстар өтті.
6-8 маусым аралығында волейбол мен мини-футболдан өткен жарыста онкодиспансер командасы волеболдан 4-ші және мини-футболдан 3-ші орынды иеленді.
9 маусымда «Қарасай» стадионында тоғыз құмалақ, арқан тарту, армреслинг және жеңіл атлетикадан жарыс болды.
Барлық сайыстардың ұпайларын қорытындылай келе, облыстық онкологиялық диспансер 1-ші орын алып, жеңіске жетті.
Спартакиаданың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау және ұйымшылдыққа жетелеу.
Денсаулығыңыз мықты болсын!