02.10.2018Түмен облысы дәрігерлерінің іс-сапары
2018 жылдың 25-ші қыркүйегінде облыстық онкологиялық диспансерге жұмыс сапарымен Түмен облысынан дәрігерлер делегациясы келді. Бас дәрігердің орынбасары Ермек Ғаббасұлы Әбдірімов әріптестеріне біздің облыстағы онкология қызметі жайлы айтты. Сонымен қатар, Түмендік дәрігерлер диспансердің заманға сай жоғары технологиялық жабдықтарымен танысты.