14.03.2018Онкодиспансерде колоректалды обыр бойынша ашық есік күні
2018 жылғы 17 наурызда (сенбі) сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін «Облыстық онкологиялық диспансер» ШЖҚ КМК (Әуезов к., 133) ісік алды ауруларды және тоқ ішек қатерлі ісігінің (колоректалды обыр) басталуы белгілерін ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді. Онколог кеңесіне ас қорыту органдарының жұмысының бұзылуы, (ауырсыну, іштің қатуы, диарея, нәжістегі қан және/немесе шырыштың болуы, анемияның белгісіз этиологиясы) шағымы бар 50 жастан асқан (немесе одан жас) адамдар шақырылады. Келушілердің барлығы дәрігердің жолдамасынсыз онколог маманнан кеңес ала алады.
Ашық есік күні бойынша қосымша ақпаратты +7(7152) 35-00-08 телефоны арқылы білуге болады.