Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

Кардиологиялық бөлімшелер

Жүрек-қантамыр жүйесiнiң аурулары iшкi ағза ақауларының ең көп тарағаны және халықтың қайтыс болуының барлық себептерi iшiнде бiрiншi орын алады. Кардиологиялық бөлiмшелерге қатты аурулармен түсiп жатады: жiтi миокард инфаркты, тұрақсыз стенокардия, жүрек ырғағының күрделi бұзылуы және т.б. Кардиология бөлiмшелерi уәкiлеттi орган тағайындаған, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетедi (ТМККБК).

ТМККБК жоспарлы және шұғыл түрде келiп түскен емделушiлерге көрсетiледi. Медициналық көмек тәулiк бойы көрсетiледi.

Кәсiби даярлық медициналық қызметкерлерден тәртiптi, өзiн-өзi жетiлдiрудi, жiгерлiктi, өзiнiң iсiне бар күшiн салып рухани берiлудi және т.б. талап етедi, өйткенi медициналық қызметкерлердiң қолына ең қымбат — адамның өмiрi мен денсаулығы берiледi.

Соңғы жылдары жүрек-қантамыр жүйесi ауруларын емдеу мен диагностикалауда техникалық мүмкiндiктер маңызды ұлғайғандығы сипатталады. Кардиологиялық бөлiмшелердiң жұмыс iстеу тәжiрибесiне автоматтандырылған басқару функциясымен микропроцессорлық электрокардиографтар енгiзiлдi, стационарлық және портативтi датчиктердiң көмегiмен тәулiктiк мониторлау, ЭХОКГ, асқазан жолдары арқылы ЭХОКГ, жүктемелiк сынамалар жүргiзiледi.

Медициналық қызметкерлер ауыр жағдайда, жиi ауыр халде жатқан сырқаттарға жедел медициналық көрсетудi үйретiлген және бiледi, жүрек-өкпе реанимациясының негiзгi әдiстерiн меңгерген.

1-шi кардиологиялық бөлiмше

Бөлiмше 30 кереуеттiк. Бөлiмше меңгерушiсi — кардиолог дәрiгер Елена Ивановна Донова, жалпы медициналық өтiлi 22 жыл, оның iшiнде кардиологиялық бөлiмшеде 17 жыл, жоғары санаты бар. Жүректiң УДЗ диагностикасын, ЭКГ түсiру және оқу әдiсiн меңгерген.

Дәрiгерлер мен орта медициналық қызметкерлер шұғыл кардиологиялық жағдайларда барлық реанимациялық құралдармен жұмыс iстеудi меңгерген.

2-шi кардиологиялық бөлiмше

Бөлiмше 30 кереуеттiк. Бөлiмше меңгерушiсi — жоғары санатты кардиолог дәрiгер М.С.Митенко, Жүректiң УДЗ диагностикасын, ЭКГ түсiру мен оқу әдiсiн меңгерген. Медициналық қызметкерлер ауыр жағдайда, ауыр халде жатқан сырқаттарға жедел медициналық көрсетуге үйретiлген және бiледi, жүрек-өкпе реанимациясының негiзгi әдiстерiн меңгерген.

3-шi кардиологиялық бөлiмше

Терапия бөлiмшесiнiң таратылуына байланысты 2011 жылдың 1 мамырында ұйымдастырылған. Бөлiмше 30 кереуетке шақталған.

Бөлiмше меңгерушiсi — бiрiншi санатты кардиолог дәрiгер Т.А. Захарова, жалпы дәрiгерлiк жұмыс өтiлi 40 жыл.

Дәрігер-ординатор — Э.Қ.Қарабатырова , жұмыс өтілі 10 жыл.

2014 жылғы 01 қаңтардан бастап 3 кардиология бөлiмшесi базасында жiтi миокард инфарктiмен ауырған науқастарды емдеу циклiн аяқтау үшiн ересектерге арналған 6 кереуеттiк медициналық кардиологиялық реабилитация және қайта қалпына келтiру бөлiмшесi ашылды.

Бөлiмшеде артериялық гипертония мектебi бойынша емделушiлермен жұмыс жүргiзiлуде, артериялық гипертонияның қатерлi iсiгi формасымен ауыратын науқастармен шеберлiк-сыныптары өткiзiледi.

A+ A A-