Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

Біріктірілген клиникалық-биохимиялық зертхана

Бiрiктiрiлген клиникалық-биохимиялық зертхана (бкбз) мынадай бөлiмдерден ұрады:

  1. Орталықтандырылған биохимиялық зертхана;
  2. Иммуноферменттiк бөлiм;
  3. МБТ бактерияскопия бөлiмi;
  4. Бактериялогиялық;
  5. Клиникалық;
  6. Экспресс-зертхана.

Орталықтандырылған зертхананың толық жұмыс жүйесi жасалған:

  • ЕАМ-мен БКБЗ өзара байланысы.
  • Бақылаудың динамикалық картасының көмегiмен клиницист дәрiгерлермен зертханашы дәрiгерлермен өзара байланысы.
  • Есептi-есеп берушiлiк құжаттамаларды жүргiзу.
  • ЕАМ емдеу кабинеттерiнен бастап, талдаулар нәтижелерiн берумен аяқтап, қадамдық алгоритм.

Бұл жүйе бүгiнгi күндерi де өзектi және бiз бұны күнделiктi жұмысымызда қолданамыз. Жұмыс iстеген жылдар бойы зертхана әлдiлiгiн дәлелдедi, өзiнiң кәсiбилiгiн көрсеттi, өзiнiң кадрларын сақтап қалды және қалалық ЕАМ клиницисттерiмен тығыз байланыстамыз.

Зертханада 6 зертханашы дәрiгер жұмыс iстейдi, шетелде және елiмiздiң алдыңғы қатарлы оқу орталықтарында арнайы оқытылған және зертханалық диагностикалауды зерттеудiң барлық түрлерiн бiлiктi орындай алатын 3 зертханашы дәрiгердiң мамандығы бойынша санаттары бар. Сонымен қатар 17 орта зертханашы бар, олардың барлығының бiлiктiлiк санаттары бар және өз жұмыстарын сапалы орындайды.

Зертхана құрылған күннен бастап сапасын тексеретiн дәрiгердiң мөлшерлемесi бар, ол биохимиялық, иммуноферменттiк және басқа да зерттеулердiң сапасын зертхана iшiлiк тексеруден күн сайын өткiзiп отырады.

Зертхананы басынан бастап ұйымдастырған және осы жылдар бойы зертхананың басшысы (25 жылдан астам) болып келген жоғары санатты зертханашы дәрiгер Оспанова Алма Рашитовна. Ол өзi облыстың штаттан тыс маманы бола отырып, Солтүстiк Қазақстан облысының зертханалық қызметiн ұйымдастырудың қайнар көзi болды. Сонау қиыншылығы мол 90-шы жылдары Қазақстанның облыстық орталықтандырылған зертханалары тарап жатқанда, зертхана меңгерушiсi мен аурухана бас дәрiгерiнiң қайраттылығы мен табандылығының арқасында Солтүстiк Қазақстан облысының орталықтандырылған биохимиялық зертханасы, 30 жылдар бойы үзiлiссiз жұмыс iстейтiн, республика бойынша жалғыз орталықтандырылған зертхана болып қалды. Облыстың денсаулық сақтау басшылығы жағынан қолдау болмаса, сол жылдары сақтап қалу өте қиын болар едi. Жұмыс сапасын жақсарту зерттеулер көлемiн ұлғайту және кадрларды, аппаратураны, реактивтердi тиiмдi пайдалану мақсатында Солтүстiк Қазақстан Халық депутаттарының облыстық кеңесiнiң №467 өкiмiмен 1984 жылғы 29 желтоқсанда 2-шi қалалық аурухана негiзiнде орталықтандырылған биохимиялық зертхана құрылды.

Кеңестiк денсаулық сақтауда зертханалық қызметтi ұйымдастыруда, әсiресе биохимиялық зерттеулердi шоғырландыруға байланысты жақсы тәжiрибиенiң болғандығы сөзсiз. Бiздiң бiрiктiрiлген клиникалық-биохимиялық зертхана тарихына оралып, осы iстiң басы қасында тұрып, бiздiң уақытымызға дейiн сақтап қалған адамдарда табандылық пен жiгерлiктерiнiң мол болғандықтарын, олардың кәсiби сапасының қаншалықты жоғарылығын, қандай орасан зор еңбектенудi талап еткендiктерiн атап өткiмiз келiп отыр.

Жоғары технологиялармен байланысты жабдықтармен жұмыс iстеймiз — бұл автоматты биохимиялық талдағыш, иммундық ферменттiк талдағыш, қанның құрамындағы газдар мен электролиттердiң талдағышы, қанның ұю талдағышы, гемотологиялық талдағыш, агрегометр, миокард инфарктiнiң, тромбоз, эмболия және т.б. экспресс-талдағышы. Бiз зерттеудiң кең спектрiн меңгергенбiз: биохимиялық (нәруыздық, көмiртегiлiк, минералдық, пигменттiк ауысу, ферменттер және т.б.), иммуноферментiк (қалқанша без гормондары, онкомаркерлер, кардиомаркерлер, гепатит маркерлерi және басқалар), гемотологиялық, бактериологиялық, жалпы клиникалық, гемостаз зерттеулерiн жасаймыз.

Бiз қан алу үшiн науқастар мен қызметкерлерге қауiп төндiрмейтiн, жабық жүйенi пайдаланмыз.

Бiрiктiрiлген клиникалық-биохимиялық зертхана — дәстүрлерi мен ережелерi қалыптасқан зертхана. Бiзде кадрлық құрам жақсы, клиницисттер мен емделушiлерге анағұрлым көп көмектесетiн, сапалы жұмыс iстейтiн және жұмысқа деген ынталары зор. Бiз аға буын өкiлдерiнiң тәжiрибесiн бағалай аламыз, оған қоса заман талабынан қалмауға, кәсiби жағынан өсуге, жаңа технологияларды меңгеруге және бiр орында тұрып қалмауға тырысамыз. 

A+ A A-