Сәулелік терапия бөлімшесі
Сәулелік терапия қызметі 2011 жылға дейін Солтүстік Қазақстан онкологиялық диспансерінің емхана бөлімі болып жұмыс істеді. Бөлімшенің негізгі жұмыс істеу бағыты — онкологиялық пациенттерге мамандандырылған көмек беру. Ісік ауруымен ауыратын пациенттердің
70 % сәулелік емдеу түрін алады. Емдеу онкологиялық ауруларды емдеу және диагностикалау Хаттамасының ережесіне сәйкес жүргізіледі. Сүйек метастаздарын үлкен көлемде сәулелендіру кең қолданылады, күндізгі дозаны бөліп, жанамаласқан сәулелік терапия, радиомодификаторлар, бір уақытта химиялық сәулелендіру емі қолданылады. Көрсеткіштер бойынша ісік емес ауруларға да көмек көрсетіледі.
Сәулелік терапия блогының 4 емдеу залында онкологиялық ауруларды емдеуге арналған қазіргі заманға сай емдеу аппараттары орналастырылған. Бұл техникалар ISO халықаралық талаптарға сай.
Teragam К-01 радио–терапиялық сәулелендіру кешенінің айналма функциясы бар, кез-келген бұрыштан емдеу мүмкіндігі бар. Белгіленген учаскеге лазер дәлдегішімен көздеп жеткізіледі. «План-2000» жоспарлау жүйесі деректерді цифрлы және қағаз түрінде белгілеп алды-ала витруалды ем жасау мүмкіндігін береді.
АГАТ С гамма–терапиялық аппарат статистикалық режимде терең орналасқан ісікті емдеуді қамтамасыз етеді.
Брахитерапияға арналған MultiSourcе аппараты ағза қуыстарының онкологиялық ауру терапиясының заман талаптарына толық сәйкес келеді.
HDR жоспарлау жүйесінде емдеу жоспарын құрғаннан кейін aftelloding ошағын жүйелі сеулелендірудің қазіргі заманғы әдісі қолданылады. Гинекологиялық саладағы ісіктерді, терінің зақымданған орнын, тік ішек, бронхыларды емдейтін тәжірибесі бар.
D3150(Галмей) рентгентерапиялық қондырғының цифрлы қамтамасыз ету қызметі бар, көптеген автоматты түрде блокадалау функциясы бар.
Әр түрлі көлемдегі 2 см дейінгі тереңдіктегі үстіңгі өсіндердің терапиясын өткізуге мүмкіндік береді. Емдеу кезінде емделушілер мен медперсоналдың жоғары радиологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Acuity рентгенсимуляторы алдын ала топометриялық дайындық пен емдеу аумағын белгілеуге арналған. Емделушініні жатқызған күйде сәуле нүктесінің көлемі мен жеткізу бұрышын дәлдеуді толық имитациялайды. Нысананы сәулелендіру кезінді жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді.
Дәрігерлер және орта медициналық персоналдың біліктілік санаттары бар. Дәрігерлерді және медициналық физикті оқыту жоспарына сәйкес жақын және шет елдерде біліктіліктерін арттыру курсынан өтті. Бөлімшені жоғары санатты дәрігер, 18 жыл радиологиялық жұмыс өтілі бар дәрігер Өмірзақов Мифхат Сәкенұлы басқарады. Бірыңғай радиолог принципі бойынша жұмысты бірінші санатты радиолог дәрігер Хайдарова Дина Хазиахметқызы мен екінші санатты радиолог дәрігер Беркімбаев Хабдрахман Бекқожаұлы жүзеге асырады. Дозаны өлшеу, жоспарлау жүйесін есептеуге радиологиялық бақылауды медициналық физик Мұнтинова Күлзипа Ербұланқызы жүргізеді, аға мейірбике Колобугина Наталья анатольевна.
Соңғы 3 жылдан бері 24 тәуліктік кереует орны және 8 кереует орны бар күндізгі стационары бар толық бөлімше болып жұмыс істейді. Күн сайын 40- 50 адам медициналық көмек алады.