Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

Босану кезінде партнер болу

Баланың туылуы әйелдiң және онымен бiрге осы тәжiрибенi бөлiскен адамдардың өмiрiне зор қуаныш сыйлайтын бақытты сәт.

Жүктi әйелдiң организмi қалай жұмыс iстейтiндiгiн және босану кезiнде қандай құбылыстардың болатындығын партнердiң бiлгенi маңызды. Партнер босанатын әйелге қолдау көрсетiп, оның жаттықтырушысы болу үшiн қажет.

Партнердiң рөлi

  • Әйелдiң денесiн сипау арқылы оның босаңсуына көмектесiңiз, оның бет бұлшықеттерiн қатайтпауын қадағалаңыз.
  • Тыныс алу жаттығуларын жасатыңыз (көбiрек дем шығаруына мән берiңiз).
  • Партнерiңiздiң жаттығу жасауды тым ерте бастамауын қадағалаңыз, өйткенi тұрақты толғақ басталмас бұрын шаршап қалуы ықтимал.
  • Онымен бiрге бөлменiң iшiнде әрлi-берлi жүрiңiз.
  • Қимыл ырғағымен тыныс алуды ұсыныңыз.
  • Оның қадамдап ырғақты жүруiн есептеңiз.
  • Қажетiнше онымен бiрге жүрiңiз.
  • Оның назарын iс-әрекетте ұстап, 60 секундтық толғақ кезiнде басқа ешнәрсе жөнiнде сөйлемеңiз.
  • Егер ол шаршаған жағдайда толғақ арасында демалуына көмектесiңiз немесе стратегияны өзгертiңiз.
  • Барлық мүмкiн болатын тәсiлмен оған қолдау жасаңыз.

Партнерге қойылатын талаптар:

Мiндеттi:

  • Босанатын әйелдi және босанудың барлық жағдайларын қабылдау;
  • Өзiне, босанудың сәттi аяқталуына сенiмдi болу;
  • Эмоциялық қолдау көрсете бiлу;
  • Өз рөлiнде бiлiктi болу («Аналар мектебiнде» оқып-үйрену арқылы дайындалу);
  • Өзге адамдардың көмегiн қабылдауға дайын болу;
  • Босану процесiн бiлу;
  • Өзiнiң тамақтануы жағын ойлау.

Мiндеттi емес: Барлық қатысушыларды алмастырып, босану кезiнде барлық функцияларды атқару.

Болмайды:

  • Босанатын әйелдiң жағдайына және мамандардың диагнозынсыз босану динамикасына қарамастан әрекет жасауға;
  • Өз позициясын мәжбүрлеп таңуға;
  • Босану кезiнде партнердi ауыстыруға;
  • Аурухананың басқа бөлiмшелерiне баруға;
  • Әркiммен дауласуға, байбаламға түсуге;
  • Бейiмделу кезеңiнде (босанғаннан кейiнгi 2 сағатта) баланың туылуы жөнiнде ақпаратты жария етуге.

Ең бастысы: Босану барысы мен нәтижесi үшiн жауапты маман босануға қатысуы тиiс.

Массаж техникасы

Бел тұсына массаж жасаған дұрыс:

Массаж техникасы Массаж техникасы

  • Қолмен әрлi-берлi жайлап сипау;
  • Үлкен және кiшi шеңбер;
  • Бас бармақпен басу;
  • Жұдырықпен басу.

Партнерге қай жерiңiздiң ауыратындығын айтыңыз: денеңiзде қолмен көрсетiңiз және оның жорамалдап әрекет жасамауы үшiн ауырсынудың қай жерге ауысқандығын айтыңыз. Сондай-ақ оның секундты санағанын немесе сiздi ұстағанын қаламасаңыз, оған ол жөнiнде ескертiңiз.

Босану жөнiнде бiрқатар кеңестер

Мүмкiндiгiнше көбiрек сабырлы болыңыз және күшiңiздi сақтап, артық қимыл жасамаңыз — өйткенi сiз босанудың қаншаға созылатындығын бiлмейсiз. Жоғары белсендiлiктi талап ететiн жаттығуларды сiзге қажет болатын жағдайға, кейiнге қалдырыңыз. Оларды тыныш жаттығулар әсер етпеген жағдайда ғана жасаңыз.

 

Медициналық әрекет қажет етiлген жағдайда (мәселен, сiзге тамызғы қойылса), тiптi тамызғымен де жүруге болады.

Егер кейбiр амалдар мен жаттығулар әсер етпесе, оларды кейiнге қалдырып, басқаларды қолданып көрiңiз.

A+ A A-