Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

Емхана

Емхана диспансердің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, обыралды аурулары және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға консультативті- диагностикалық және емдік амбулаторлық көмек көрсетеді. Науқастарға консультативті-диагностикалық көмек БМСК дәрігерлерінің берген жолдамасы бойынша жүзеге асырады.

1999 жылға дейін диспансерде диспансерлік бөлімше болып жұмыс істеп емхана болып қайта құрылды. Емхана меңгерушісі Степура Юрий Дмитриевич- денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша бірінші санатты дәрігер.

Ол бұл қызметте 2016 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін істеді. Ол көптеген жылдар бойы ұйымдастырушылық — әдістемелік кабинетінің меңгерушісі лауазымын қатар атқарды. 2004 жылдың желтоқсанынан қайта құрылмдалғаннан кейін онкодиспансерге тағы бір ғимарат беріліп 1-ші қабатына емхана орналасты. Емхана штаттық кестесіне қосымша бір қатар лауазымдар енгізілді және лауазымдыр ставкасы жасақталды. Емхананың бір ауысымда 180 адамға дейін қабылдау мүмкіндігі артты. Емхана онкологиялық ауруларды ерте (І-ІІ сатыда) айқындауға, сондай-ақ диагностикалық хаттамаға сәйкес пациенттерге мамандырылған ем жасау үшін науқастарды дер кезінде жолдауға мүмкіндік берітін бүгінгі заманға сай медициналық аппараттармен және құрал- жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі уақытта емхана меңгерушісі Ольга Анатольевна Краснопевцева. Емханада 2 онколог дәрігер, 2 онкогинеколог, маммолог, торакальды хирург, химиотерапевт, терапевт, психолог қабылдау жүргізеді. Медициналық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында және кезекті төмендетуге тіркеу орнында анықтама қызметі ұйымдастырылған,

ерекшелігі онколог дәрігердің қабылдау алдында қайта келуімен кезекті емдеу курсын алуға келген науқастарға диспетчер науқастың анализ тапсыруына жолдама жазып беруі. Тіркеу орнында кезекті азайту мақсатында науқастар үш бағытқа бөлінеді: бастапқы + скринингтік (1 терезе), екінші рет келгендер (2 терезе), телефон бойынша алдын ала жазылу (3 терезе).

Емхана тіркеу орны көп каналды телефон байланысымен жасақталған. Емханада компьютерлік томография, екі УДЗ кабиенті, рентгенологиялық, (ФГДС, ФКС, ДГС) эндоскопиялық кабинеттер, орталықтандырылған цитологиялық және клиникалық зертхана, патоморфологиялық зертхана, функциональдық диагностика кабинеті, амбулаторлық химиотерапия кабинеті, сондай-ақ амбулаторлық операция жүргізуге кіші операция кабинеті, перевязочный және емдеу кабинеттері жұмыс істейді.

Емхана ұжымы жоғары және бірінші санаты бар мамандар жұмыс істейді:

  • О.А. Краснопевцева — жоғары санатты онкогинеколог дәрігер,
  • Ф.Х. Тюменева— жоғары санатты дәрігер зертханашы,
  • И.Ю. Астанина — Iсанатты онкогинеколог дәрігер,МҒК,
  • Е.И. Иксанова — Iсанатты эндоскопист дәрігер,
  • Ю.Г.Финько — Iсанатты дәрігер онколог ,
  • М.А.Тұргынов — Iсанатты дәрігер онколог,
  • К.А. Абабаева — жоғары санатты патоморфолог дәрігер,
  • Л.А. Бахман — Iсанатты патоморфолог дәрігер,
  • Ж.С.Хапизов — Iсанатты дәрігер зертханашы,
  • И.А.Левченко — Iсанатты дәрігер зертханашы,
  • М.А.Вахидова — зертхана маманы,
  • О.В.Червонюк — жоғары санатты аға мейірбике,
  • Н.Т.Дюсенбина — жоғары санатты дәрігерлік кабинетінің мейірбикесі,
  • Ж.Ж.Жүсіпова — жоғары санатты дәрігерлік кабинетінің мейірбикесі,
  • С.У. Күдеринова — I санатты дәрігерлік кабинетінің мейірбикесі,
  • Л.А.Полукеева — I санатты дәрігерлік кабинетінің мейірбикесі,
  • А.А.Пак — ұйымдастыру-әдістемелік кабинетінің дәрігері,
  • О.Ю.Игнатенко — ұйымдастыру-әдістемелік кабинетінің мейірбикесі,
  • Е.В.Ножкина — I санатты зертханашы,
  • Я.Г.Мандрик — жоғары санатты зертханашы,
  • Н.Н.Мосина — жоғары санатты зертханашы.
A+ A A-