Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

02.07.2018Медицина қызметкері күні

Маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін жыл сайын атап өтеді. Медицина қызметкері күні қарсаңында Петропавл қаласында 15 маусым салтанатты құттықтау шарасы өтті. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.І. Ақсақалов денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін құттықтап, қол жеткізген жетістіктерімізді атап, облыста саланы дамыту жоспарына тоқталып өтті.

Салтанатты шараға қаланың еңбегі сіңген дәрігерлері мен денсаулық сақтау ісінің ардагерлері қатысты. Облыстық перинаталдық орталықтағы босану бөлімшесінің меңгерушісі Клебан Наталья Валерьевна «РҚ Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болып, облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов оған төсбелгіні табыс етті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Грамотасы мен Алғысы түрінде мемлекет тарыпынан құрмет белгісіне анестезиолог-реаниматолог дәрігер Ильин Константин Русланович және босанғаннан кейінгі бөлімшенің мейірбикесі Кунанова Гульмира Зейнуловна ие болды. Олар өз марапаттарын Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.С. Сұлтанғазиевтің қолынан алды.

Медицина қызметкері күні

Медицина қызметкері күні

A+ A A-