Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

17.10.2023Хабарландыру

Бүгін, 2023 жылғы 16 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Көп бейінді облыстық ауруханаға жұмыс сапарымен келді. Кездесу СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Тілебалдыұлы Күсемісовтің қатысуымен өтті.

Сапардың басты мақсаты — СҚО пациентке бағдарланған ірі денсаулық сақтау ұйымымен танысу.

Аурухананың қызметі туралы бас директор Сәкен Өмірсерікұлы Әмрин баяндама жасады.

Сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ангиографиялық кабинет пен компьютерлік томография кабинетінің жұмысымен танысып, резидент дәрігерлермен және хирургия бөлімшесінің пациенттерімен әңгімелесті. Соңында Ғауез Торсанұлы 2023 жылы ауруханаға келген орталық директорларымен және жас мамандармен әңгімелесті.

Ғауез Торсанұлы Көп бейінді облыстық аурухананың жақсы кадрлық және материалдық-техникалық жабдықталғанын атап өтті.

A+ A A-