15.05.2026Медбике күні
Көп бейінді облыстық ауруханада Мейірбике күніне арналған мерекелік іс-шара музыкалық квиз форматында өтті. Мерекелік көңіл-күй, командалық рух пен жарқын эмоциялар барлық қатысушыларды біріктірді.
Командалар тек кәсіби шеберліктерін ғана емес, сондай-ақ креативтіліктерін, ұйымшылдықтарын және бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.
🏆 Бірінші орынды Көп бейінді облыстық аурухананың командасы лайықты түрде иеленді! Үздік нәтиже мен жарқын жеңістеріңізбен құттықтаймыз!





