10.11.2025Мастер-класс
2025 жылғы 8 қарашада Көп бейінді облыстық аурухана базасында Астана қаласының «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ тамырлы және функционалдық нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Бауыржан Асқарұлы Қонақбаевтың қатысуымен мастер-класс өткізілді. Мидың қан тамырлары ауруларын емдеу үшін операциялар жүргізілді (артериовеноздық ақауларды эмболизациялау, ми аневризмасы).Сондай-ақ, СҚО аумағында алғаш рет операциялар жүргізілді: ми ісігін эмболизациялау, тригеминальды невралгияны емдеу.7 науқасқа операция жасалды. Пациенттер дәрігерлердің бақылауында қалады, олардың жағдайы тұрақты және қанағаттанарлық. МӘМС арқасында пациенттер емханадан жолдама бойынша тегін ем алды.














