06.02.2026Нейрохирургтар 60 жастағы науқастан ісікті алып тастады
60 жастағы науқасты шамамен бір ай бойы бас ауруы мазалады, біртіндеп сөйлеу қабілеті нашарлады. Ауруханаға жүгінгеннен кейін дәрігерлер МРТ жасап, кистозды-солидті конвекситальды көлемді түзілімді анықтады.
Науқас басының шашыраңқы ауырсынуы, бас айналуы, жүрек айнуы, жалпы әлсіздікке шағыммен түсті. 60 жастағы қала тұрғыны тұрғылықты жері бойынша невропатологта амбулаториялық бақылауда болды. 23 қаңтардан бастап денсаулық жағдайы жоғарыда аталған шағымдардың күшеюі түрінде нашарлады, сондай-ақ сөйлеу бұзылысы, бет-әлпетінің оң жақ бөлігінің бұлшықет әлсіздігіне шағымдар пайда болды. 30 қаңтарда сөздерді айту нашарлады. Содан кейін ол ЖҚМ бойынша күдікпен қаланың көппрофильді жедел медициналық жәрдем ауруханасына жүгінді, невропатолог қарап шықты, бас миының МСКТ зерттеуі жүргізілді, зерттеу нәтижесінде айқын перифокальды ісінумен сол жақ маңдай-самай-төбе бөлігінің көлемді түзілімі анықталды, нейрохирург консультациясы ұсынылды.
Нейрохирург қарап шыққаннан кейін диагноз расталды, науқас қосымша тексеру мен оперативті емдеу үшін нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Кейін контрастпен бас миының МРТ-сі және басқа да зерттеулер жүргізіліп, клиникалық диагноз расталып, нақтыланды.
Диагноз: Айқын перифокальды ісінумен, ортаңғы құрылымдардың оңға жеңіл дәрежеде ығысуымен сол жақ маңдай-самай-төбе бөлігінің кистозды-солидті конвекситальды көлемді түзілімі.
Нейрохирургтар Балхар Шатуев пен Алексей Будник сол жақ төбе аймағына сүйек-пластикалық трепанация жасап, оперативті емдеу жүргізді. Нейромониторинг бақылауымен сол жақ төбе бөлігінің көлемді түзілімі микрохирургиялық жолмен алынып тасталды. Операция 3 сағатқа созылды.
Операция сәтті өтті, науқас есі айқын, прозопопарез регресске ұшырады, моторлы афазия ішінара регресске ұшырады, 2-ші тәулікте белсендірілді, клиникалық жағынан оң динамикамен.
Операция және кейінгі емдеу МӘМС аясында жүргізілді.







