31.08.2026СҚО-да денсаулық сақтау саласының жартыжылдық жұмысы қорытындыланды
Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Жиында медицина қызметкерлері мен профильдік ведомство өкілдері өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің 2026 жылдың алғашқы алты айындағы жұмысын қорытындылап, ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелерді талқылады.
Отырысқа Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Әмрин төрағалық етті. Алқалы жиынның негізгі тақырыптарының бірі облыстағы медициналық ұйымдардың бірінші жартыжылдықтағы қызметінің нәтижелері болды.
Алқа мүшелері денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бағыттарын және өңір үшін өзекті мәселелерді қарастырды.
Жиында медициналық көмектің сапасына да ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар иммунопрофилактика мәселесі талқыланды. Бір алаңда бірнеше профильдік құрылымның өкілдері өңірдегі денсаулық сақтау саласының жұмысын әр қырынан саралады. Атап айтқанда, медициналық көмекті ұйымдастыру, оның сапасын бақылау және аурулардың алдын алу бағыттары сөз болды.





