31.05.2015Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Елбасының 1997 жылғы Жарлығына сәйкес 31 мамырда Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi атап өтiледi. Қазақстанда 1936-1938 жылдардағы сталиндiк репрессияның салдарынан 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргiнге ұшырап, 25 мыңнан астам адам жазықсыз атылған болатын. Облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлерi облысы әкiмi Е.Х. Сұлтановтың қатысуымен өткен салтанатты шараға қатысты.