Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

Психологиялық көмек

Психолог Сорокина Галина Ивановна.

2007 жылы «Психология» бағыты бойынша Мәскеу қаласының Заманауи гумманитарлық академиясын бiтiрдi.

2013 году «Гештальт-терапияның негiзгi және тәжiрибелiк негiздерi» тақырыбы бойынша «Парасат» психология және психотерапия орталығында маманданудан өттi.

Емделушiнiң психологиялық денсаулығын сүйемелдеудiң маңызды элементi, психологиялық және отаға «дейiнгi» отадан «кейiнгi» аралықта қолдау көрсету болып табылады. Осы мақсатпен 2013 жылдың мамыр айында Кардиологиялық орталықта психолог жұмыс iстей бастады, оның басты мақсаты жайсыздық жағдайды жою мен психосоматикалық бұзушылықтардың алдын алу.

Психологиялық көмек кезең-кезеңмен көрсетiледi:

1-шi кезең: Жеке және топтық диагностика.

Диагностикалық әңгiмелесу және психологиялық тестiлеу арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс барасында Ресейдiң Санкт-Петербург қаласындағы «Иматон» компаниясының кәсiби психологиялық жабдықтар қолданылады. Әдiстемелердiң авторлары психологиялық денсаулық саласында танылған мамандар. Әдiстемелер компьютерлiк бағдарламалар түрiнде берiледi және тесттi өткiзуге бiрнеше минут қана кетедi, бұл деген емделушiнiң проблемасын тез арада байқауға мүмкiндiк бередi. Алынған нәтижелердiң негiзiнде адамның өзектi нервтiк-психикалық жағдайы туралы қорытынды шығарылады, психикалық резервтер, негiзгi проблемалар мен шиеленiс көзi анықталады.

2-шi кезең: психологиялық түзету жұмысы.

Соматикалық және психикалық ауырлық жағдайына әсер ету үшiн вербальдық немесе вербальдық емес байланыс өткiзiледi, соның нәтижесiнде емделушiге жаңа мүмкiншiлiктер ашылады, қиын жағдайдан шығудың жолдары белгiленедi, оның жағдайы үйлестiрiледi. Психологиялық түзетулiк жұмыс ретiнде өнер шығармаларымен психотерапия ұсынылады (метафоралармен және афоризмдермен, жануарлардың архетипиялық образдарымен, суреттермен, музыкалық шығармалармен әсер етедi), релаксация элементтерiмен музыкалық терапия, гештальт-терапия, күйзелiс деңгейiн төмендету бойынша тренингтер өткiзу және т.б.

Еңбек ұжымында әлеуметтiк-психологиялық климатты зерделеу, коммуникативтiк және ұйымдастырушылық икемдiлiктерi, күйзелiске төтеп бере алу мүмкiндiгiн жоғарлату, эмоционалдық қалыпты бiр қалыпты жағдайға келтiру және «эмоционалдық күйзелiстiң» алдын алу бойынша аурухана қызметкерлерiмен белсендi жұмыс жүргiзiледi. Психологиялық саулық сұрақтарындағы сауаттылықты арттыру мақсатында аурухана iшiлiк семинарлар мен конференциялар өткiзiледi.

Кардиологиялық орталық науқастарының психотерапиясы ауруға деген реакцияларын өзгерту, науқастардың емделуге деген мақсаттарын түзету, осылайша науқастардың жағдайын жақсартуға жәрдесiп қана қоймай, аурудың қайталануының алдын алады. Тек ауруға деген көз қарастарын өзгерткен кезде ғана бұл мақсатқа қол жеткiзуге болады.

A+ A A-