Қарқынды терапия блогі (кардиологиялық реанимация)
Кардиологиялық сырқаттар үшін қарқынды терапия блогі, былайша айтқанда кардиологиялық реанимация (терминді Day американ кардиологы ұсынған) 1988 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасындағы ең алғашқы мамандандырылған бөлімше болып ұйымдастырылды.
Бөлімше меңгерушісі — жоғарғы санатты дәрігер, облыстың штаттан тыс бас кардиологы Телюк М.П., «Шапағат», «2005 жылдың үздік дәрігері» медальдары, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі бар, «Құрмет» орденімен марапатталған, облыстың құрметті азаматы.
Емдеуші дәрігерлер: К.В. Кушербаев және А.А.Левченко
Ұйымдастырылу мақсаты:
1. Коронарлық аурудың туындауынан емдеуді бастағанға дейінгі уақытты үнемдеу, яғни қабылдау бөлімшесіне апармай ЖТС сырқаттардың тура келіп түсуі. «Есіктен емдеуге дейінгі» көрсеткіші – орта есеппен 5 минут.
2. 20 ғасырдың 80-інші жылдары Қазақстан Республикасындағы алғашқылардың бірі болып STEMI кезіндегі тромболизисті жүргізе бастады (фибринолизин, стрептоденаза, стрептокиназа, актилизе).
3. Қан айналым тоқтаған кезінде реанимациялық шараның жедел басталуы, яғни қарыншалық тахикардия кезінде жедел түрдегі дефибриляцияны жүргізу (қарыншалардың фибрилляциясы). Осы бөлімше ұйымдастырылғанға дейін қан айналым тоқтаған кезде барлық реанимациялық тәсілдер табысты болған жоқ.
4. «Уақыт – құтқарылған миокард» постулатынан ой түйіндей отыра Қарқынды терапия блогында реанимациялық дайындықтары бар кардиолог дәрігерлер жұмыс істейді, оларды анестезиолог-реаниматолог дәрігерлермен ауыстыруға болмайды.
5. ҚТБ құрылған уақыт ішінде өмір сүруге қауіпті жағдайдағы кардиологиялық сырқаттарды және жіті коронарлық синдромын емдеу ACC/AHA, ESC кеңес беруіне сәйкес жүргізілді және жүргізіледі (ҚР-да «Дәлелді медицина» термині кеңінен қолданған уақытқа дейін).