Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

Кардиологиялық орталық туралы

Кардиологиялық орталық

Кардиологиялық орталық туралы

Біріккен 2-ші қалалық аурухананың құрылу тарихы 1949 жылдан басталады. Тек 1986 жылы 300 кереуеттік стационары және бір ауысымда 375 адам қабылдайтын емханасы бар біріктірілген 2-ші қалалық аурухана ретінде пайдалануға беріледі. Біріккен аурухананың бас дәрігері болып В. Д. Гартман тағайындалды, оның орнына В. П. Грибашов келді, ал 2001 жылдан 2010 жылға дейін аурухананы Б. М. Мұстафина басқарды

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен облыстық орталықтарда 2007-2009 жылдарға Қазақстан Республикасында кардиологияны және кардиохирургияны дамыту жөнiндегi бағдарлама енгiзiлдi. Осы бағдарламаның аясында 2-шi қалалық ауруханада 6 кереуеттiк анестезиология және реанимация бөлiмшесi мен ангиохирургиялық кабинетi бар 20 кереуеттiк кардиохирургиялық бөлiмше ашылды. 2009 жылдың сәуiр айынан бастап 2-шi қалалық аурухана «Кардиологиялық орталық» КМҚК-ға ауыстырылды. 2011 жылғы 21 ақпаннан бастап кардиологиялық орталықтың заңды мәртебесi өзгерiп, қазiргi таңда ол шаруашылық жүргiзу құқығындағы КМК.

2010-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды қайта құру бағдарламасы кардиология және кардиохирургияны одан әрi дамытуды, қан айналым жүйесi ауруларынан өлiм-жiтiмдi азайтуды қалыптастырады. Осыған байланысты кардиологиялық орталықта кереуеттердiң қайта құрылуы жүргiзiлдi: 25 кереуеттiк қантамыр хирургия бөлiмшесi, 2-шi терапия бөлiмшесiнiң негiзiнде 3-кардиологиялық бөлiмше ашылды, кардиологиялық кереуеттердiң саны 80-нен 100-ге дейiн өстi. Осы уақытта интервенциялық хирургия, ультрадыбыстық диагностика және рентгенология бөлiмiнiң мамандарын бiрiктiрiп, рентген-эндовакулярлық хирургия және сәулелiк диагностика бөлiмшесi болып бөлiнiп шықты, сондай-ақ кеңес беру — диагностика бөлiмшесi де ашылды және бүгiнгi таңда кардиохирург, ангиохирург және кардиолог сияқты мамандар қабылдау жүргiзедi. Облыс тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсетудi жақсарту мақсатында облыстың әр аудандарына жетекшi кардиологтар бекiтiлдi.

2020 ж. 01.08. жағдай бойынша Кардиологиялық орталықта 468,0 штаттық бiрлiк бар, оның iшiнде 93,0 дәрiгерлiк мөлшерлеме, қамтылғаны — 88,0. 54 дәрiгер жұмыс iстейдi, дәрігерлік лауазымдардың толықтырылуы — 65 %-ды құрайды, дәрігерлермен толықтыру 60 %, үйлесiмдiлiк коэффициентi — 1,6.

50 дәрiгерде бiлiктiлiк санаттары бар -79%, оның iшiнде: 26 жоғары санат — 52%, 16 бiрiншi санат — 32%, 8 екiншi санат — 16%. Санатсыз 4 дәрiгер - 21%, оның iшiнде мамандығы бойынша жұмыс өтiлi 3 жылға дейін 4 дәрiгер - 7% және бiлiктiлiк санаттарына аттестациядан өтуге жатпайды.

Штатта 192,5 бiрлiк орта медициналық қызметкер, 151 жеке тұлға, үйлесiмдiлiк коэффициентi — 1,3.

118 орта медициналық қызметкердiң бiлiктiлiк санаттары бар - 77%, оның iшiнде: жоғары санатты — 88 - 75%, бiрiншi санатты — 19 - 16%, екiншi санатты — 11 - 9%.

Кардиологиялық орталықтың дәрiгерлерi Қазақстан Республикасында және шетелдерде өткiзiлетiн (Сингапур, Франция, Германия, Балтық жағалауы) Конгресс, Съезд, Симпозиум жұмысына, шеберлiк-сабақтары оталарына қатысады.

2019 жылы басқарма төрағасының бірінші орынбасары М. С. Бекбосынованың басшылығымен ҰҒКО қызметкерлеріне кездесу өткізілді, ЖСЖ бар науқастарды емдеу бойынша семинар-кеңес, кардиологиялық қызметтің проблемалық мәселелеріне қызмет көрсету бойынша "дөңгелек үстел" өткізілді.

Қазақстандағы тромбоздар бойынша Қоғамның төрағасы, Алматы қ.ЦКБ АҚ инновациялар және білім беру орталығының басшысы А. Б. Сугралиевтің қатысуымен "артериялық гипертонияны емдеудің жаңа ұсынымдары" және "ЖСЖ емдеудің жаңа ұсынымдары"тақырыбында семинар өтті.

2020 жылы кардиологиялық орталық базасында кардиологиялық блок басшысы М. М. Кудратуллаев алғаш рет мидың артериясының аневризмасы бойынша эндоваскулярлық ота жасады.

Кардиологиялық орталықтың дәрiгерлерi облыстың және қаланың қоғамдық өмiрiне белсендi араласады.

2005 жылы қарқынды терапия блогының меңгерушiсi М.П. Телюк жоғары дәрежелi дәрiгер «Жылдың үздiк дәрiгерi» болды.

2010 жылы 2-кардиология бөлiмшесiнiң меңгерушiсi В.В. Степанов «2010 жылдың үздiк дәрiгерi» атты Республикалық конкурста 2-шi орынды иелендi.

Қантамыр хирургия бөлiмшесiнiң меңгерушiсi С.В. Череда «2011 жылдың үздiк дәрiгерi» атты Республикалық конкурсқа қатысып, 1-шi орынға ие болды.

2011 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысына сәйкес бағдарламалық-мақсаттық жоспарлау көрсеткiштерi бойынша облыстық, қалалық және аудандық емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметiне қортынды жасау кезiнде «Кардиологиялық орталық» ШЖҚ КМК облыстық және қалалық стационарлық емдеу-алдын алу ұйымдарының арасында 1-шi орын иелендi.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған облыстық жарыстарда 1-шi орынға ие болғаны үшiн ауруханаға кубок пен грамота табыс етiлдi.

2014 жылы Кардиологиялық орталықтың ұжымы облыстық және қалалық медициналық ұйымдары арасында өткен спартакиадада жалпы командалық есепте бiрiншi орынға ие болды. Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi күнiн атап өту қарсаңында салтанатты жағдайда СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Е. Сақтағанов ұжымның еңбегi сiңген спорттық кубокты табыс еттi.

Кардиологиялық орталықтың құндылықтар жүйесi:

  • Пациент — ерекше назарға iлiгедi;
  • Жауапкершiлiк;
  • Мейрiмдiлiк;
  • Кәсiби басымдылық;
  • Инновациялар;
  • Алқалылық;
  • Айқындық.

 

Медициналық қызмет түрлерi

Кардиологиялық орталық Облыс және Петропавл қаласының ересек және жасөспiрiм тұрғындарына бiлiктi, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған стационарлық, стационар аламстырушылық және кеңес беру-диагностикалық медициналық көмек көрсететiн, көп бейiндi емдiк-профилактикалық кәсiпорын болып табылады.

Кәсiпорын мына медициналық көмек түрлерiн көрсетедi:

 — облыста бiлiктi, мамандандырылған стационарлық медициналық көмек:

  • кардиология: жүректiң ишемиялық ауруы, оның iшiнде стенокардия, миокард инфарктi, жүрек қағыс ырғағының бұзылуы, асқынуларымен күре тамыр гипертензиясы;
  • терапия: тыныс алу жүйесi ағзаларының, асқорыту жүйесi, несеп-жыныс жүйесi, терi және терi асты талшықтарының ауруылары, анемия:
  • қантамыр хирургиясы: iрi тамырлар аурулары, шеткi күре тамырлар және көк тамырлар аурулары, көкiрекорта және қолқа ағзаларының отасы, қант диабетiнiң асқынуы;
  • жалпы хирургия: хирургиялық емдеудi талап ететiн, асқазан-iшек жолдарының аурулары, қалқанша безiнiң оталары, асқазан резекциясы, iшперде ағзаларының лапароскопиялық оталары;
  • эндоваскулярная хирургия: коронарографиялық зерттеулер, коронарлық қантамырларын стентирлеу.

 — облыстағы стационарлық жоғары мамандандырылған медициналық көмек:

  • кардиохирургия: жүрек клапандарын ауыстыру бойынша операциялар; маммарлық-коронарлық шунттау операциялары; интраоперациялық радиожиілік абляцияны пайдалана отырып, жүрек клапандарын протездеу және аортокоронарлық шунттау; аннулопластика
  • аритмология: электрофизиологиялық зерттеу, тахикардияның радиожиілік абляциясы;
  • қантамыр хирургиясы: анастомозбен қолқа резекциясы, бас пен мойынның басқа артерияларының эндартериоэктомиясы;

 — стационар алмастырушылық медициналық көмек сол бағыттар бойынша.

 — төмендегi мамандықтар бойынша облыстың және қаланың тұрғындары мен жасөспiрiмдер үшiн кеңес беру-диагностикалық көмек көрсету:

  • кардиология;
  • кардиохирургия;
  • ревматология;
  • қантамыр хирургиясы.

 — зертханалық диагностика (талдағышта қолмен iстеу әдiсiмен жалпы клиникалық зерттеулер, талдағышта қолмен iстеу әдiсiмен гемотологиялық зерттеулер, биохимиялық зерттеулеря (клиникалық химия) талдағышта және қолмен iстеу әдiсiмен, талдағышта және қолмен iстеу әдiсiмен коагулогия, қолмен iстеу әдiсiмен микробиология, серология, иммуноферменттiк зерттеулер, иммунохемилюминисценттiк зерттеулер).

 — эндоскопиялық зерттеулер.

 — ультра дыбыстық диагностика.

 — функционалдық диагностика.

 — рентген диагностика.

2019 жылы 12 айда Кардиологиялық орталықта облыс тұрғындарына көрсеткен жоғары мамандандырылған медициналық көмектерi

Кардиологиялық орталықта 15 кереуеттiк кардиохирургиялық бөлiмшесiнiң 3 кардиохирургi және 22 кереуеттiк қантамыр хирургия бөлiмшесiнiң 4 қантамыр хирургi, сондай-ақ ангиографиялық зертхана жағдайында 2 интервенциялық кардиологы, 3 рентгенхирургы жоғары мамандандырылған медициналық көмек (одан әрi — ЖММК) көрсетедi.

3 кардиохирург дәрiгерде(3 бiрiншi) бiлiктiлiк санаттары бар, 3 қантамыр хирургте де бiлiктiлiк санаттары бар (1 жоғары, 1 бiрiншi, 1 екiншi), 2 интервенциялық кардиологта (2 санат), 2 рентген хирургте (2 бiрiншi) санаттары бар. Мамандықтары бойынша жұмыс өтiлдерi 3 жылдан аз болғандықтан 1 қантамыр хирургiнде, 1 рентгенхирургте санаттары жоқ.

Бүгiнгi таңда бiздiң кардиохирургтер ашық жүрекке мынадай оталарды жасайды: аорто-коронарлық және маммарно-коронарлық тұйықтау, жүрек қақпақшаларының пластикасы мен протездеуi, сол жақ қарыншаның пластикасы, кеуде қуысындағы қолқаға ота жасайды.

Қантамыр хирургтерi отаның шамамен 100 түрiн жасайды, оның iшiнде қолқаның, ұйқы күре тамырының, шеткi және висцериалдық күре тамырларының iшперделiк бөлiмiнде, қолқа аневризмасының және шеткi күре тамырдың резекциясы сияқты күрделi оталары бар.

Стационар: қызметiнiң көрсеткiшi:

2019 ж. 12 айда тәулік бойғы стационарда 5800 науқас емделдi, республикалық бюджет бойынша 5771, бұл 2018 жылдағыдан 11,6 % азырақ (5970 емделген, соның ішінде республикалық бюджет бойынша 5941). Ауруханада қайтыс болу көрсеткiшi 1,8%-дан 1,7%-ға төмендеді. Науқастың ауруханада орташа жатуы 0,3 күннен 8,2 күндi құрайды (2018 жылдың 12 айда — 8,5), кереует айналымы 35,3-тен 33,8-ге дейiн төмендеді.

Кардиохирургиялық бөлiмшеде 162 науқас емделiп шықты (2018 жылдың 12 айда — 184), қайтыс болғандар 11 - 6,8% (2018 жылдың 12 айда 8 — 4,3%).

Қантамыр хирургия бөлiмшесiнде 948 науқас (2018 жылдың 12 айда — 1182) емделiп шықты, қайтыс болғандар 11, өлім-жітім 0,8% (2018ж 12 айда қайтыс болғандар 9, өлiм-жiтiм 1,2%) .

Ашық жүрекке ота жасау қажеттiлiгi 1 000 000 ересек тұрғынға шаққанда 1000 отаны құрап отыр. Аортокоронарлық шунттаудың 100 операциясы(АКШ), 8 МКШ орындалды, бұл халықтың қажеттілігін 54% қанағаттандырады.

Созылмалы ревматикалық жүрек ауруларымен ауыратын науқастарға жүре пайда болған жүрек ақаулары кезінде 69 ота жасалды.

Жүрек ырғағы мен өткізгіштігі бұзылған науқастарға көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, 100 электрокардиостимулятор орнатылды, 189 электрофизиологиялық зерттеу, 113 радиожиілік абляциясы жүргізілді.

Ангиографиялық зертханаға жүктеме 116 % құрайды (1873 коронарография, 215 аортография және ангиография).

Қантамыр хирургтерімен 11 жоғарымамандандырылған ота жағдайлары орындалды.

12 айда кеңес беру-диагностика бөлімшесімен 7114 науқас қабылданып, оның ішінде 61,3% ауыл тұрғындары - 4360 пациент. Кардиолог кеңесін алғандар 4413 пациент, оның ішінде 3552 ауыл тұрғындары(80,5%), кардиохирург кеңесін 138 пациент, 44 ауыл тұрғындары(31,9%), қантамыр хирургі кеңесін 2563 пациент, 764 ауыл тұрғындары(30%).

Осылайша, жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмекті енгізу ауру дамуының алғашқы сағаттарында уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді, осылайша ҚЖА-дан болатын өлім-жітімнің төмендеуіне ықпал етті.

Кардиологиялық орталықта жедел миокард инфарктісінен болатын өлім 6,4% -дан 3,8 %-ға дейін төмендеді, қосымша өлім 2,5 %-дан 1,5 %-ға дейін төмендеді.

Кардиологиялық орталық 2016 жыл бойына облыс тұрғындарына көрсеткен жоғары мамандандырылған медициналық көмектерi

Кардиологиялық орталықта 15 кереуеттiк кардиохирургиялық бөлiмшесiнiң 5 кардиохирургi және 22 кереуеттiк қантамыр хирургия бөлiмшесiнiң 4 қантамыр хирургi, сондай-ақ ангиографиялық зертхана жағдайында интервенциялық кардиологтар, рентгенхирургтар жоғары мамандандырылған медициналық көмек (одан әрi — ЖММК) көрсетедi.

4 кардиохирург дәрiгерде(1 бiрiншi, 3 екiншi) бiлiктiлiк санаттары бар, 3 қантамыр хирургте де бiлiктiлiк санаттары бар (1 жоғары, 1 бiрiншi, 1 екiншi), 1 интервенциялық кардиологта (2 санат), 2 рентген хирургте (2 бiрiншi) санаттары бар. Мамандықтары бойынша жұмыс өтiлдерi 3 жылдан аз болғандықтан 1 кардиохирургте, 1 қантамыр хирургiнде, 1 интервенциялық кардиологте, 1 рентгенхирургте санаттары жоқ.

Бүгiнгi таңда бiздiң кардиохирургтер ашық жүрекке мынадай оталарды жасайды: аорто-коронарлық және маммарно-коронарлық тұйықтау, жүрек қақпақшаларының пластикасы мен протездеуi, сол жақ қарыншаның пластикасы, кеуде қуысындағы қолқаға ота жасайды.

Қантамыр хирургтерi отаның шамамен 100 түрiн жасайды, оның iшiнде қолқаның, ұйқы күре тамырының, шеткi және висцериалдық күре тамырларының iшперделiк бөлiмiнде, қолқа аневризмасының және шеткi күре тамырдың резекциясы сияқты күрделi оталары бар.

СҚО бойынша ҚР ДС және ӘДМ медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетiнiң департаментiмен 6496 жағдайға медициналық кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге келiсiмшарт бекiтiлген, оның iшiнде
1 615 826,7 мың теңге сомасындағы 412 жағдайға ЖММК (жоспарланған емделушiлердiң жалпы санының 6,3%-ы) сомасы 606 419,0 теңге, бұл деген жалпы шарт сомасының 37,5%-ын құрайды, 6016 жағдай мамандандырылған медициналық көмек (ММК) сомасы 1 005 207,7 теңге, 68 жағдай стационар алмастырушылық көмек сомасы 4 200,0 мың теңге.

Стационар қызметiнiң көрсеткiшi: 6489 науқас емделдi , бұл 2015 жылдың 0,5% азырақ (6523 емделген). Ауруханада қайтыс болу көрсеткiшi өткен жылғы көрсеткiштен 0,1%-дан 1,6%-ға дейiн жоғары (2015ж 1,5%). Науқастың ауруханада орташа жатуы 0,1 күннен 8,2 күндi құрайды (2015 жылы — 8,1), кереует айналымы 34,3-тен 38,3-ке дейiн көтерiлдi.

Кардиологиялық бөлiмшелерде 3884 науқас емделдi, 2015 жылғы деңгейден 0,33%-ға көбiрек (3871), кардиологиялық бөлiмшелерде өлiм-жiтiм 1,5%-дан 1,7%-ға дейiн ұлғайып, 0,2% көбейдi.

Кардиохирургиялық бөлiмшеде 207 науқас емделiп шықты (2015 жылдың — 255), өлiм-жiтiм 3,4%, 7 адам қайтыс болды (2015 жылы 13 — 5,1%-дан).

Қантамыр хирургия бөлiмшесiнде 1167 науқас (2015 жылдың — 1206) емделiп шықты, 15-1,4% (2015ж 15 қайтыс болды, өлiм-жiтiм 1,3%) .

Ашық жүрекке ота жасау қажеттiлiгi 1 000 ересек тұрғынға шаққанда 1 000 000 отаны құрап отыр, 200 қажеттiлiк жағдайы бойынша, 158 ота (139 АКШ және 19 МКШ) немесе 79% орындалды.

СҚО әкімдігінің ДСБ КММ
«Кардиологиялық орталық
ШЖҚ КМК бас дәрiгерi
А. Мағзұмов

A+ A A-