Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

29.05.2015Балаларды қорғау күні мерекесіне орайластырылған іс-шара өтті

Алғашқы жазғы маусым айы тамаша мерекемен басталады. 1 маусым Балаларды қорғау халықаралық күнi атап өтiледi. Осыған орай Облыстық перинаталдық орталық балаларға және олардың ата-аналарына түрлi байқаулар мен ойын-сауыққа, ертегi кейiпкерлерiмен кездесу тәрiздi iс-шараларға ұласқан iрi театрлық мерекенi тарту еттi.

Перинаталдық орталық қызметкерлерiнiң балалары шақырылып, олар түрлi байқауларға, ойындарға қатысты, ән салып, би биледi. Жас бүлдiршiндерге арнап орталықтың қызметкерлерi сабынды көпiршiк шоуын әзiрледi. Балалар өздерiнiң жас айырмашылықтарына қарамастан белсене қатысты.

Осындай тамаша бағдарламадан балалар жағымды әсер алып, керемет көңiл-күйге бөлендi.

A+ A A-