05.05.2015Халықаралық акушер күні
Аялы алақанының арқасында көпшiлiгiмiздiң жарық дүние есiгiн ашуға жәрдемдескен адамдардың бүгiн кәсiби төл мерекесi. Екi он жыл қатарынан 5 мамыр акушер күнi (International Midwives Day) деп есептеледi. Аталмыш мереке идеясын 1987 жылы Нидерландыда өткен конференцияда Халықаралық акушерлер ассоциациясы ұсынған болатын. Бұл күн ресми мереке мәртебесiне тек 1992 жылы ғана қол жеткiзген. Бүгiнгi таңда осы мереке 50-ден астам елде, соның iшiнде Қазақстанда да атап өтiлуде.