Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

10.08.2015Емшек емізу ұлттық аптасы туралы

СҚО денсаулық сақтау басқармасының «Емшек емiзу ұлттық аптасын өткiзу туралы» бұйрығына сәйкес облыстық перинаталдық орталықтың «Аналар мектебiнде» емшек емiзу мәселелерiне байланысты семинар-тренинг өттi, босанғаннан кейiнгi бөлiмшеде әр босанған әйел емшек емiзу қағидалары мен техникасы бойынша кеңес алды, әйелдер консультациясында 2015 ж. 10.08 «Ашық есiк күнi» аясында жүктi әйелдермен және олардың отбасымен емшек емiзудiң ерекше артықшылығы жөнiнде кеңес жүргiзiлдi.

Емшек емiзу

Емшек сүтi бала үшiн оның бастапқы алты айында таптырмас ең жақсы қорек болып табылады, оны еш нәрсе алмастыра алмайды. Әр әйел осыны бiлгенi дұрыс, егер сәбиiнiң денсаулығы үшiн және организмiнiң дамуы үшiн ең жақсы жағдайлармен қамтамасыз еткiсi келсе, мұны аксиома деп қабылдауы тиiс.

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынымдарына сәйкес дүниеге келгеннен кейiнгi алғашқы бiр сағаттың iшiнде баланы емшекке ерте салу облыстық перинаталдық орталықтың тәжiрибесiнде қолданылып келедi. Ана мен баланың босанғаннан кейiнгi бөлiмшеде бiрге болуы, баланы оның алғашқы қажет етуi бойынша емiзу — ана мен баланың эмоциялық және физикалық байланысын қалыптастырып, емшек емiзуге ынталандыра түседi.

Арнайы оқытылған мейiрбике Наталья Маликова жас аналарды емшекке дұрыс салу техникасына үйретiп, емiзу ұзақтығының мәселелерi, 6 айға дейiн тек қана емшек емiзу артықшылықтары бойынша кеңес берiп келедi.

Сәбидi кез келген себептермен емшекке салып, ол қай уақытта және қанша мөлшерде болса да, қалағанынша емшек емуiне мүмкiндiк беру қажет. Бұл баланың қанып емуi үшiн ғана емес, сонымен қатар оның психоэмоциялық жайлылығы үшiн де маңызды. Сәбидi жақсы сезiнуi үшiн сағатына 4 ретке дейiн емшекке салуға болады. Баланы түнде емiзу тұрақты лактацияны қамтамасыз етедi, атап айтқанда түнгi емiзу мейлiнше толыққанды және құнарлы болып келедi. Сондай-ақ баланың қажет етуi бойынша 6 айға дейiн тек қана емшек емiзу — қалауыңыздан тыс жүктi болудан 96%-ке сақтайды.

6 айға дейiн бала қосымша тамақтандыруды және үстеме тамақ берудi қажет етпейдi. Сүттiң құрамындағы негiзгi зат — биологиялық белсендi су. Оны сәбидiң организмi жақсы сiңiрiп, оның сұйықтыққа қажеттiлiгiн толығымен қанағаттандырады, сондықтан қосымша сұйықтықтарды беру қажет емес. Лактоза (сүттi қант) нәрестенiң ОЖЖ мен миының дамып-жетiлуiне, темiр мен кальцийдiң сiңiрiлуiне септiгiн тигiзедi, ал бифидум-фактор зең мен бактериялардың көбеюiнiң алдын алып, iшек микрофлорасының қалыпты жұмыс iстеуiне ықпал етедi. Майлар — сәбидiң күш көзi. Майлардың арқасында ОЖЖ қалыптасып, кiшкентай организмнiң қорғаныш қасиетiн нығайтады. Емшек сүтi майының құрамында D дәруменiн, негiзгi гормондарды және өттi өндiретiн холестерин бар. Майлар мен көмiрсулардың ара қатынасы баланың өсiп келе жатқан организмi үшiн тамаша үйлесiмдi болып табылады. Нәруыздар — қарыштап өсiп келе жатқан, буыны қатпаған сәбидiң өсiп-өнуiнiң негiзi. Емшек сүтi нәруызының құрамы: (глобулиндер мен альбуминдер) таурин (жүйке жүйесi мен мидың дамуына ықпал етедi); лактоферрин (темiрдi өндiрiп, нәрестенiң iшегiнде зең мен бактериялардың санын азайтуға әсер етедi); ДНК-ның құрылыс материалы болап табылатын нуклеотидтер; лактаза — лактозаны ыдырататын фермент; липаза — майларды қорытуға көмектесетiн фермент. Қалған компоненттер: инфекцияларды жоюға ықпал ететiн иммунологиялық қорғаныш зат (антиденелер, лейкоциттер); темiр, минералдар, дәрумендер мен пробиотиктер; гормондар (15-тен астам түрi бар), өсу факторлары және стимуляторлар.

Емшек сүтi — бала тамағының бiрегей өнiмi. Бүгiнгi таңда оған толықтай сай келерлiк бiр де бiр аналогi ойлап шығарылмаған, өйткенi оның құрамын табиғаттың бiр өзi бекiтiп қойған. Тек осы тағам ғана емшектегi нәрестелердiң қажеттiлiгiн 100%-ке қанағаттандырады. Табиғи өнiмнiң балаға қажеттi заттардың құрамы 500-ге дейiн жетедi, олардың көпшiлiгiн жасанды түрде шығару мүмкiн емес. Ананың организмi азық-қоректiң өндiрiлуi үшiн жаңа адамның дүниеге келуiне дейiн жұмыс iстей бастайды.

ОПО бас дәрiгерi Мауытова Ж.Қ.

A+ A A-