Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

01.10.20151 қазан мерекесі Халықаралық қарттар күні

«Халықаралық қарттар күнi» дүние жүзi бойынша аталып өтедi. Атаулы күн 1990 жылғы 14 желтоқсанда бекiтiлгендiгiн және оны бекiтуге БҰҰ Бас Ассамблеясы бастама болғандығын естерiңiзге саламыз.

Қарттар күнi бұл қарияларымызды, ата-аналарымыз бен ата-әжелерiмiздi ерекше қамқорға бөлейтiн iзгi әрi жарқын мереке. Аталмыш мерекенiң бүгiнгi күнi маңызы өте зор, өйткенi қарт адамдардың заманауи қоғамдағы көптеген проблемаларына көңiл аударуға мүмкiндiк туғызады. Бiз қарт адамдардың мұқтаждықтарын, сондай-ақ бiртұтас қоғамның демографиялық ескiруi проблемасын да есiмiзден шығармауымыз қажет.

Петропавл қ. Облыстық перинаталдық орталығында және №1 қалалық перзентханасында жұмыс iстеген еңбек ардагерлерi салтанатты шарада осы мерекенi атап өттi. Мерекенi ұйымдастырушылар (ОПО әкiмшiлiгi мен кәсiподақ комитетi) ардагерлердiң әрiптестерiмен бiрге өткiзген уақыт iшiнде қарым-қатынаста болу мерейiне, жақсы көңiл-күй мен рухани серпiлiске бөленуi үшiн барын салды.

A+ A A-