08.10.2015Акушер-гинекологтардың ғылыми-практикалық қоғамының жұмысы
Перинаталдық орталық базасында акушер-гинекологтардың облыстық қоғамының отырысы өттi. Перинаталдық көмектi өңiрлендiру мәселелерi, iштегi нәрестенiң туа бiткен даму кемiстiктерiн диагностикалау үшiн жоғары мүмкiндiкте зерттеудiң ультрадыбыстық тәсiлдерiнiң ерекшелiктерi қаралды, ОПО босану бөлiмшесiнiң және облыстық аурухананың гинекология бөлiмшесiнiң жұмысына ағымдағы жылдың 9 айы бойынша талдау өткiзiлдi. Облыстың штаттан тыс бас акушер-гинекологi Е.С. Калюжная Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындары үшiн репродукциялық денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау мәселелерiне байланысты қоғам жұмысы мен iс-шаралар жоспарының қорытындысын шығарды.