16.10.2015Анестезиолог күні
Медицина адам өмiрiн сақтап қалу үшiн аса маңызды компоненттердiң бiрiн ойлап-тапқанына 160 жыл өткен. Осы компонент анестезия қазiргi кезде хирургиялық операциялар кезiнде, тiптi стоматологқа барған кезде де қолданылып жүр.
Мұның барлығы 1846 жылы бастау алған едi, сол жылдың 16 қазанында тiс дәрiгерi Томас Мортон дүниежүзi бойынша эфир наркозымен алғаш рет операция өткiзген. Сол уақыттан берi 16 қазан — дүниежүзi бойынша Анестезологтар күнi деп танылған.
Томас Морганның ашқан жаңалығының арқасында мыңдаған адам өмiрi сақтап қалынған. Күн сайын анестезиологтар нәтижесi шеберлiк пен икемдiлiкке байланысты болатын операцияларға қатысып келедi. Тәжiрибелi, бiлгiр анестезиолог мамандар аса қымбат. Облыстық перинаталдық орталық барлық анестезиолог-реаниматологтарды шын жүректен құттықтап, оларға мықты денсаулық, жанұясында бақыт және сауыққан науқастарының қатары арта берсiн деген iзгi тiлектерiн арнайды!