Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

30.11.20152015 жылдың 30 қарашасы Облыстық перинаталдық орталықтың әкімшілігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстау шарасын өткізді

Iс-шара перинаталдық орталықтың қызметкерлерi дайындаған салтанатты сөз сөйлеуден басталды: «Бiрiншi желтоқсан күнi елiмiзде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi мемлекеттiк мерекесi кезектi рет аталып өтуде. Тұңғыш Президентiмiз және тәуелсiз мемлекетiмiздiң iргесiн қалаушы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев, тәжiрибелi көшбасшы бола тұра, экономикалық және саяси жаңғырту арасында, сыртқы және iшкi саясат арасында, елiмiздiң жуық және ұзақ мерзiмдi мүдделерi арасында соншалықты қажет тепе-теңдiктi таба бiлдi. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан қоғамында бейбiтшiлiк пен татулықты қолдауға айрықша мән бердi. Осы орайда Тұңғыш Президент күнiн барлық қазақстандықтардың бiрлiгi мен толеранттылығы күнi деп те атауға болады». Iс-шара соңында жақсы жұмысымен ерекше көзге түскен Облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлерiне алғыс хаттарды табыстау өттi. Облыстық перинаталдық орталықтың барлық қызметкерлерi атынан баршаңызды Тұңғыш Президент күнi мерекесiмен құттықтауға рұқсат етiңiздер!

A+ A A-