15.12.2015Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мерекесі
1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстанда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгi туралы Конституциялық заң қабылданған болатын.
Қазақстан Республикасы жас тәуелсiз мемлекет. Алайда осы мерзiм iшiнде елiмiзде түбегейлi, iрi ауқымды мемлекеттiк өзгерiстер болды. Қазақстан Республикасы БҰҰ толық құқылы және белсендi мүшесi, сондай-ақ Еуроодақ, Еуропалық Қайта құру және Даму банкi, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық атомдық энергия агенттiгi, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты аса беделдi халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайтуда. Қазақстан 40-тан астам жан-жақты және 700-ден астам екжақты келiсiмдер мен шарттарға отырды. Бүгiнгi таңда Қазақстанның халықаралық аренада әйгiлi болып танылып, дүниежүзiлiк экономика жүйесiнде лайықты орынға ие болғанын зор сенiммен айтуға болады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi күнiне орай Облыстық перинаталдық орталықта салтанатты шара өтiп, оның барысында үздiк қызметкерлерге СҚО денсаулық сақтау басқармасы, ОПО әкiмшiлiгi және кәсiподақ комитетi атынан грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.
СҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан СҚО ҚХА жанындағы Аналар кеңесiнiң төрағасы К.Қ. Смаилова қызмет бабында, отбасын нығайту және дамытуда, ұлтаралық келiсiмдi, қазақстандық отансүйгiштiктi қалыптастыруға, толеранттылыққа, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени бiртұтастығын насихаттауда үлгi болған Перинаталдық орталықтың қызметкерлерiне алғыс хаттарды табыстады. Солтүстiк Қазақстан облысы облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы өткiзген мерекелiк концерт ұжымның көңiл-күйiн көтердi.