28.12.2015Жаңа жылмен құттықтау
Жаңа жыл сөзсiз ерекше мереке. Мереке қарсаңында барша халық дайындық қамына кiрiседi. Балалардың көңiлдi ертеңгiлiктерi мен мектептерде шулы дискотекалар, ұжымдарда мерекелер басталып кеткен.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша Облыстық перинаталдық орталықта кәсiподақ комитетi балаларға жаңажылдық сыйлықтарды табыстады.
Аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар үшiн жаңа жылдық ертеңгiлiктерге билеттер берiлдi. Жылы киiм-кешекке мұқтаж жандар үшiн қайырымдылық көмегi ұйымдастырылды.
Облыстық перинаталдық орталықтың ұжымы баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесiмен құттықтайды! Осы жылы бар тiлектерiңiз бен армандарыңыз орындалып, жаңа мүмкiндiктер ашылсын, жарқын келешек, жаңа достар тiлеймiз, ошағыңыздың оты әрқашан лаулап, жүздерiңiзден жарқын күлкi кетпесiн!
Ал перинаталдық орталықтың ұжымына шығармашылық табыс, ұмытылмас мерекелердiң қуанышты сәттерiн, өздерiңiздiң сүйiктi де, маңызды әрi пайдалы iстерiңiзге сарқылмас сүйiспеншiлiк пен қызығушылық тiлеймiн. Ата-анасымен қалаулы, денi сау сәбилер дүниеге келе берсiн. Келер жыл Сiздер үшiн бақытты әрi жемiстi болып, жаңа табыстарға қол жеткiзсiн!