15.02.2016Алғыс айту күні
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында 2016 жылы тұңғыш рет атап өтiлгелi тұрған Алғыс айту күнiне даярлық науқаны «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК-да қызу жүрiп жатыр. Алғыс айту күнi бұл — ең алдымен Елбасымыздың жүргiзiп отырған саясатының арқасында бейбiтшiлiк пен тыныштық, барлық қазақстандықтар арасында өзара сенiм мен құрмет орнаған салтанатты күн болып саналмақ. Бұл дегенiмiз — қайғылы оқиғалардың нәтижесiнде Қазақстанға қоныс аударған миллиондаған түрлi ұлт өкiлдерiне бауырмалдылығын бiлдiрiп, қамқорлығын төккен, құшақ жая қарсы алатын қонақжайлылығымен танылған қазақ жерi мен халқына тағзым ету. Қазақ халқы олардың қайғысына ортақ болып, өзiм деп қабылдаған елiмiздегi түрлi ұлт өкiлдерi арасындағы адамгершiлiк қарым-қатынастың мәңгi өлшемiне айналды.