18.01.2016ОПО-да ЖРВИ бойынша карантин
Облыстық перинаталдық орталыққа жiтi респираторлық вирустық инфекция белгiлерiмен жүктi әйелдер келiп түсуiне байланысты шектеу шараларын енгiзу жөнiнде шешiм қабылданды. Жүктi, босанатын және босанған әйелдер арасында ЖРВИ таралуының алдын алу үшiн 2016 жылдың 18 қаңтарынан бастап карантин енгiзiлдi.
Жүктi және босанған әйелдермен кездесуге тыйым салынған, сәлем-сауқаттар күн сайын сағат 16.00-ден 19.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерi сағат 11.00-ден 14.00-ге дейiн және 16.00-ден 19.00-ге дейiн қабылданады.