17.03.20162016 жылғы 16 наурыз — №2 сайлау округі бойынша «Нұр Отан» партиясынан қалалық мәслихат депутатына үміткермен кездесу
20 наурыз қазақстандықтарды халық атынан ел азаматтарының мүддесiн бiлдiретiн және қорғайтын адамдарды сайлау күтiп тұр.
Ағымдағы жылдың нақ осы 20 наурызы күнi сайлаушылар Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарына дауыс бере алады.
Сайлау қарсаңында №2 сайлау округi бойынша «Нұр Отан» партиясынан Қалалық мәслихат депутатына үмiткер Қайыржанова Лаура Советқызы Облыстық перинаталдық орталықта болды.
Л.С. Қайыржанова сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласында қойылған мәселелердi шешудегi, студент жастардың проблемаларын шешу және мүдделерiн қорғаудағы, сайлау округi аумақтарын абаттандыру мәселелерiне ықпал етудегi мақсаты мен ойы жөнiнде баяндап бердi.