Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

08.04.2016Перзентханадағы вакцинация

Вакцинация туралы мәселе, әдеттегiдей, жаңа туған нәрестелердiң ата-аналарының бәрiнде дерлiк байқалады. Екпе — баланың әлсiз иммунитетiн түрлi инфекциялардан қорғауға арналған заманауи медицинадағы неғұрлым тиiмдi құралдардың бiрi.

Перзентханада үйге шығармас бұрын нәрестеге екi екпе жасалады: В гепатитiне және туберкулезге қарсы (БЦЖ).

Туберкулезге қарсы вакцинациялау

Туберкулез — микобактериялардың салдарынан туындайтын кеңiнен таралған инфекциялық ауру. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымдарының деректерi бойынша туберкулездi әр секунд сайын бiр адам жұқтырып, әр жыл сайын осы сырқаттан әлемде 2 миллион адам көз жұмады екен. Туберкулез, адамның қандай жағдайларда өмiр сүретiндiгiне қарамастан барлығын зақымдайды. Бұл өте жұқпалы ауру, ол негiзiнен ауа-тамшы жолдарымен берiлiп, адамның түрлi органдарын, сондай-ақ тiндерiн де зақымдайды. Микобактерияға қарсы иммунитет болмаса, бала қауiп-қатерлi аймақта болады. Сондықтан БЦЖ-дан бас тартпас бұрын баланың өмiрi жайлы ойлаған абзал.

Вакцина сол жақ иыққа терi арасына ендiрiледi. Вакцина ендiрiлгеннен кейiн сол орында бiрден ақ түстi папула түзiледi, бiрақ ол шамамен 20 минуттан соң жойылады. Екi-үш айдың iшiнде вакцинация орнында бiр жас аяқталғанға дейiн бiржола тыртықталып, көп дегенде 1 мм диаметрлi шағын түйiн пайда болады.

БЦЖ вакцинациясының өзiне тән қарсы көрсетiмдерi де бар.

Отбасында туа бiткен немесе жүре пайда болған иммун тапшылығының жағдайлары болған балалар; егер осы вакцинациядан кейiн отбасында өзге балалардың асқынулары болса; қандай да болмасын фермент функциясының туа бiткен жеткiлiксiздiгi бар балалар; ауыр тұқым қуалайтын аурулары бар және ОЖЖ перинаталдық зақымданған балалар вакцинацияланбайды.

В гепатитiне қарсы вакцинация

В гепатитiне қарсы вакцинация әлiмнiң барлық дамыған елдерiнде өткiзiледi.

В вирусты гепатитi бұл — вирусты инфекциядан туындайтын гепатит. Организмге түсiп, бауыр тiндерiнде қабынбалы өзгерiстердi тудыратын В гепатитiне тән вирустар ауруды қоздырады. Оған қоса бұл сырқаттың бiрнеше түрлерi бар — еш симптомдарсыз вирус тасымалдаудан бастап сарғаюға, циррозға, бауыр обыры мен бауырдың жiтi жеткiлiксiздiгiне дейiн. ДДҰ ресми деректерiне сүйенсек, бүкiл әлем бойынша В гепатитiнiң вирусы немесе В гепатитiнiң антигенi анықталған 2 млрд. адам тiркелген, шамамен 300 млн. созылмалы тасымалдаушылар тiркелiп, 1 млн жуық адам жыл сайын гепатиттiң салдарынан дүние салады. Олардың үштен бiр бөлiгiн балалар, жасөспiрiмдер және 20 жасқа дейiнгi жастар құрайды. Сол себептi де В гепатитiне қарсы вакцинациялау аса маңызды.

Iсiк ауруларымен, С гепатитiмен және АИТВ инфекциясымен қатар бұл сырқаттың да аса жоғары әлеуметтiк маңызы бар.

Жаңа туған нәрестелерге вакцина санның алдыңғы бүйiрiне бұлшықет арасына ендiрiледi. Әдетте нәрестелердiң гепатит екпесiне жергiлiктi әсерi байқалады, яғни вакцинацияны балалар жеңiл және көп жағдайларда ауырсынбай көтередi.

В гепатитiне қарсы екпенiң спецификалық қарсы көрсетiмдерi жоқ. Оның жалпы қарсы көрсетiмдерi өзге екпелерге ұқсас, яғни дене қызуының көтерiлуi, жiтi аурулар және вакцинация кезiнде созылмалы аурулардың өршуi болып табылады.

Егер сәбиiңiз денi сау әрi бақытты болып өскенiн қаласаңыз, перзентхананың вакцинациясынан бас тартпаңыз. Сiздердiң вакцинация жайлы барлық сұрақтарыңызға бiздiң бiлiктi мамандарымыз жауап бередi.

A+ A A-