05.05.2016Баланың тууы туралы өтініш беру мерзімі өзгерді
«Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV Кодексiне ҚР 2016 ж. 09.04. №501- V Заңымен өзгерiстер енгiзiлдi.
Баланың тууы туралы өтiнiш беру мерзiмi өзгердi — баланың тууы туралы өтiнiштi оның ата-аналары не басқа да мүдделi адамдар тiркеушi органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей беруге тиiс, ал бала өлi туған жағдайда, босанған кезден бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтiнiштi бередi.
Кодекске соңғы өзгерiстер енгiзiлмегенге дейiн — баланың тууы туралы өтiнiш баланың туылған күнiнен бастап екi айдан кешiктiрiлмей берiлуi тиiс едi.