13.05.2016Халықаралық отбасы күні
Халықаралық отбасы күнi қарсаңында Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң бас маманы Е.А. Епихинаның Халықаралық отбасы күнiне арналған «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК пациенттерiмен кездесуi өттi.
1994 жылдан берi жыл сайын 15 мамыр Халықаралық отбасы күнi атап өтiлуде, ол Халықаралық отбасы жылы туралы қарарда (1993 жылғы 20 қыркүйектегi №A/REC/47/237) БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған болатын. Атаулы күндi белгiлеудiң мақсаты — отбасылардың көптеген мәселелерiне елдер қоғамдастығының назарын аудару.
Кездесу барысында тууды тiркеу мерзiмдерiнiң өзгеруi туралы дәрiс оқылды.