17.08.2016«Ақ орамал» акциясының басталуы
2016 жылдың 17 тамызы Облыстық перинаталдық орталықта «Ақ орамал» акциясы бастау алды. Оның мақсаты — ҚР Президентiнiң «Әлем. XXI ғасыр» манифесiне қолдау бiлдiру.
Төраға Күлiмкөз Ысмайылова бастаған Қазақстан халқының облыстық Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесiмен бiрге ОПО ұжымы ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi «Әлем. XXI ғасыр» манифесiне қатты қолдау бiлдiрдi.
Бiздiң қонақтар жас аналарды құттықтады және аналардың әлемдi нығайтудағы бiрегей миссиясын жадында сақтауы үшiн оларға ой-ниет тазалығының символы ретiнде ақ орамалдарды сыйға тартты. Аналардың күшiмен әлемдi сүйетiн қоғамды қалыптастыру үшiн мейiрбан, қайырымды, елгезек, төзiмдi етiп тәрбиелеудi өз балаларымыздан бастау қажет.
Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушiсi Наиль Салимов баршаға бейбiтшiлiк пен жақсылықты тiледi.
Перинаталдық орталықтың үздiк акушерлерi мен мейiрбикелерi Қазақстан халқы Ассамбелеясының алғыс хаттарымен марапатталды.
Акция соңында Аналар кеңесiнiң мүшелерi әуе шарларына бейбiтшiлiк символы ретiнде ақ орамалды байлап, әлемнiң бiрлiгi мен ынтымағын тiлеп оны көк аспанға ұшырды.