Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

29.09.2016Дүниежүзілік жүрек күні

2016 жылңы қыркүйектiң 19-нан 28-не дейiнгi аралықта «ОПО ШЖҚ КМК-да Дүниежүзiлiк жүрек күнiне арналған айлық өттi.

Артериялық гипертония, жүректiң ишемия ауруы дүние жүзiнде халық өлiм-жiтiмiнiң себебi болып табылатындығы жөнiнде ақпаратты бар әлем халқына жеткiзу мақсатында жыл сайын 29 қыркүйек Дүниежүзiлiк жүрек күнi өткiзiледi.

Егер шылым шегу, дұрыс тамақтанбау, аз қимылды өмiр салты тәрiздi негiзгi қауiп-қатер факторларын бақылауға алынбайтын болса, аталмыш аурулардың салдарынан мерзiмiнен ерте болатын өлiм-жiтiмдердiң ең кемi дегенде 80%-нен құтылуға болады.

Айлық аясында барлық қызметкерлер мен пациенттердiң және тексерiстен өткiсi келген барлық адамдардың артериялық қан қысымы өлшенiп, жүрек-тамыр ауруларының қаупiн азайту үшiн мына ұсынымдар берiлдi:

  • үйде шылым шекпеу,    
  • дұрыс тамақтану принциптерiн ұстану,
  • дене белсендiлiгiн арттыру,
  • өз өлшемдерiн бiлу: АҚ, глюкоза холестерин, дене салмағының индексi.
A+ A A-