06.12.2016Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі аясында 2016 жылдың 30 қарашасы Облыстық перинаталдық орталықта салтанатты шара өтті
Тұңғыш Президент күнi мерекесi елiмiздiң Тәуелсiздiк жылдары, қазiргi уақытта және болашақта тұрақты дамуының негiзi болып табылады.
1991 жылғы 1 желтоқсан — Қазақстан үшiн тарихи елеулi күнге айналды, өйткенi тарихымызда алғаш рет жалпыхалықтық сайлауда Қазақстан Президентi бiр ауыздан сайланған едi.
Конституцияға сәйкес Республика Президентi халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi, сондай-ақ мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi мерекесiне орай Облыстық перинаталдық орталықта салтанатты шара өттi, салтанатты бағдарлама барысында Перинаталдық орталықтың қоғамдық жұмысына белсене қатысып ерекше көзге түскен қызметкерлерге құрмет грамотасы табысталды.