30.12.2016Экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жүргізу
Облыс прокуратурасы өзге құқық қорғау және уәкiлеттi органдарымен бiрлесiп дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс-әрекет жасау саласында ақпараттық алдын алу және қарсы насихаттау жұмыстарын жүргiзуде.
Уәкiлеттi, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметi:
- экстремистiк және террористiк ұйымдардың әрекетiнiң жолын кесуге;
- экстремизм мен терроризмнiң насихатталуына және ақталуына жол бермеуге, соның iшiнде мазмұнында экстремизм мен терроризм белгiлерi анықталған бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн және өзге материалдарды таратуды (әкелу, дайындау, сақтау) соттық тыйым салу жолымен оны болдырмауға;
- заңға қайшы дiни әрекеттiң жолын кесуге бағытталған.
Аталған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн уәкiлеттi органдар тұрақты негiзде:
- қоғамда экстремизм мен терроризм идеологияларын қабылдамау сезiмдерiн қалыптастыру мақсатымен алдын алу жұмыстарын жүргiзуге;
- дiни әрекет, экстремизм мен терроризмге қарсы iс-әрекет жасау туралы заңның сақталуын қамтамасыз етуге;
- террористiк қатынаста осал объектiлердi антитеррорлық қорғауды және осы бағытта бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
- экстремизм мен терроризмнiң алдын алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
2016 жылы Ақтөбе облысында ведомствоаралық топ ақпараттық кеңiстiкте күрделi қарсы насихаттау жұмысын жүргiздi. Ведомствоаралық топтың жұмыс iстеген 30 күнi iшiнде бүкiл ел бойынша 13 мыңға жуық адам 18 промо-роликтердi, 9 фильм мен 2 қойылымды көрiп шыққан.
Телеарналарда «Игил», «Орындалмаған армандар неге әкеп соғады», «Жалған терроризм», «Терроризм қаупi» промо-роликтерi көрсетiлдi. Оған қоса, бұл материалдар әлеуметтiк желiлер мен «YouTubе» бейнехостингiсiне орналастырылған.
Сондай-ақ «YouTubе-де» «Anti Terror» арнайы арнасы құрылып, оған терроризмдi үгiттейтiн бейнелердi жою бойынша басшылық орналастырылған.
Сонымен қатар террористiк бағыттағы 422 бейнематериал анықталған, оның 43 бейнесi бұғатталып, 263-iн Интернет-ресурс әкiмшiлiгi жойған, 22-не кiру шектелген, қалғандары бойынша талап-арыз жұмыстары жүргiзiлуде.
Облыс прокуратурасы «ВКонтакте» әлеуметтiк желiсiнде жоғарыда аталған (https://vk.com/club134919705) промо-роликтер орналастырылған «Anti Terror» тобын құрған.
Бұдан әрi, экстремизм мен терроризмге қарсы iс-әрекет жасау саласында насихаттау жұмыстарын ұлғайту мақсатында аталмыш топта ақпараттық материалдар орналастырылмақ (сот шешiмдерi мен үкiмдерi, өзге материалдар).
Бейнероликтерге сiлтеме: https://yadi.sk/d/HBbFpeBx35gyAm.
«ВКонтакте» әлеуметтiк желiсiндегi «Anti Terror» тобына сiлтеме: https://vk.com/club134919705.
«YouTubе-дегi» «Anti Terror» арнайы арнасына сiлтеме: https://www.youtube.com/channel/UC4JL19ReXneWe31SBigWp9g/feed.