Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

16.05.2017«Жоғары технология күндері»

«Жоғары технология күндері» республикалық акциясы аясында «Universitymedicalcenter» корпорациялық қорының маманы, м.ғ.д., Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының профессоры Үкібасова Талшын Мұқадесқызы 2017 жылғы мамырдың 3-нен 5-не дейін Облыстық перинаталдық орталықта жұмыс істеді.

Облыстық акушер-гинекологтары үшін репродукциялық денсаулық мәселелері бойынша оқу семинарлары өтіп, оған Облыстық перинаталдық орталықтың, 3-ші қалалық аурухананың, барлық қалалық емханалардың, Қызылжар және Мамлют аудандарының дәрігерлері қатысты.

Облыстық перинаталдық орталықтың әйелдер консультациясы базасында пациенттерді консультациялық қабылдау жүргізілді. Аталған жұмыс диагнозды нақтылау, емдеу және бақылау, соның ішінде операциялық әрекет қолдану тәсілін анықтауға бағытталды, нәтижесінде 50 әйел қабылданған.

Операциялық техника жөніндегі мастер-класс әйелдердің репродукциялық функциясын сақтап қалу үшін жаңа технологияларды енгізу және операциялық әрекеттердің ерекшеліктері бойынша акушер-гинеколог дәрігерлердің тәжірибе жинауына септігін тигізді.

A+ A A-