Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

02.06.2017Осы әлемді балаларға сыйлаймыз

Балаларды қорғау күніне орай Облыстық перинаталдық орталықта «Осы әлемді балаларға сыйлаймыз» мерекесі өтті.

Қызметкерлердің балаларына ертегілік Кариб теңізінің қарақшылары қонаққа келіп, балаларды таңғажайып оқиғалар, қызықты ойындар мен әдемі билер әлеміне еліктіріп әкетті. Ертегілік аниматорлар қызық-қуаныш, мерекелік көңіл-күй тарту етті, жабырқауға, зерігуге жол берілмеді.

Біз, ересек адамдар, Балаларды қорғау күні бұл — балалар үшін жасалған мереке ғана емес, сонымен қатар баланың құқығын қорғау қажеттілігі жайында, барлық балалардың бақытты әрі жарқын жүзді болып өсуіне, білім алып, кез келген іспен айналысуына және келешекте жақсы ата-ана, өз елінің нағыз азаматы болуына ықпал ету жөнінде ой салу болып табылатындығын жақсы түсінеміз. Демек, бұл біздің қолымыздан келері сөзсіз!

A+ A A-