02.06.2017Бірыңғай ақпарат күні өтті
2017 жылдың 2 маусымы «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК-да Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған бірыңғай ақпарат күні өтті.
Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.Отанымыздың ең үлкен ұлттық мақтанышы — мемлекеттік рәміздер. Ол — ұлттығымыздың айшығы, сондықтан оларға құрметпен қарау әр қазақстандықтың азаматтық борышы және мемлекеттік ішкі саясаттың басты бағыты. Тарих беттерінде Мемлекеттік рәміздер басты құндылық болып, халықтарды жігерлендіріп, олар үшін қаншама ұлы ерліктер жасалған, өмірлерін пида еткен мысалдар көп. Біз, Облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлері, бүгін осы жерде өмір сүріп жатқан еліміздің азаматтары ата-бабаларымыздың мұрасын сақтап қалуға және келер ұрпақтың болашағы үшін жауаптымыз.